Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 707
  • Week Visit: 7  179
  • Month Visit: 37  307
  • Years Visit: 447  821
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Дара кәсіпкердің табысы

 Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 83 – 133, 136, 137 және 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып және осы Кодекстің 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдермен айқындалады.

 Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсіпкердің салық салынатын табысын айқындау кезінде осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

 Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.

 Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ Бас маман  Турлыбекова А

Пікірлер қалдыруы жабылған.