Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  085
  • Week Visit: 38  806
  • Month Visit: 166  147
  • Years Visit: 810  970
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi

  1. Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
  2. Осы Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.
  3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Панфилов ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

  бас маманы Сандыбаева Г. Б.

Алымдарды төлеуден босату

      Алымдарды төлеуден мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      1-1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде;

      2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

      он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,  бөлек тұратын зейнеткерлер, оралмандар;

      кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;

      3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі, оралмандар.

      4) алып тасталды – ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі, оралмандар,  кәмелетке толмағандар босатылады.

Панфилов ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

  бас маманы Сандыбаева Г. Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.