Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 708
  • Week Visit: 7  180
  • Month Visit: 37  308
  • Years Visit: 447  822
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жеке тұлғалардың назарына!

2017 жылғы 31 желтоқсанда көлік құралдарына салық төлеу мерзімі өтеді!

Салықтарды бюджетке төлеу мерзімі жеке тұлғалар үшін салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кеш емес күні болып табылады.

Сіздің назарыңызды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар салықтардың төленуін тұру орны бойынша жүргізетініне аударамыз.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің 369-бабының 5-тармағына сәйкес көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Егер иелерден көлік құралы айдап әкетілген деп есептелген және (немесе) ұрланған жағдайда, көлік құралын іздеу кезінде салықты төлеуден босату үшін аталмыш негіз бойынша көлік құралын есептен шығаруды растайтын құжат негіз болып табылады.

Жалпы көлік құралдарына салықты төлеу тәртібі және мерзімі Салық кодексінің 51-тарауымен белгіленген.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда,қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

Салықтық берешектің бар болуын немесе жоқтығын білу үшін «Электрондық сервистер», «Салықтық берешектің жоқ (бар) болуы туралы мәліметтер» бөлімінде жеке сәйкестендіру нөмірін енгізе отырып тексеруге болады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман Огузов И.О.

Пікірлер қалдыруы жабылған.