Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 70
  • Week Visit: 11  764
  • Month Visit: 46  155
  • Years Visit: 579  247
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

       Мыналар:

       1) тұрғылықты жерiн тiркеген кезде:

       – қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

       – толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;

      – оралман мәртебесін алғанға дейін тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар;

       – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

       – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

       – Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

         2) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;

       3)Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;

        4) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;

        5) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде:

       – Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

       – Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;

       – «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

       – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

       – қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

       – Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;

       7) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:

       – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар;

       – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

       – Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

                                                                                  Панфилов ауданы бойынша мемлекттік кірістер басқармасының

                                                                                  бөлім басшысы Сураншиева Э.Д

 Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

  1. Мемлекеттiк баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша аудару жолымен төленедi.
  2. Мемлекеттiк баж:

      1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

       2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн – жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;

       3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайтадан куәлiктер бергенi үшiн – оларды берген кезде;

       4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн – актiлердi тiркеген кезде;

       5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

       6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін – тиісті құжаттарды бергенге дейін;

      7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;

      7-1) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжатты бергенге дейін;

      8) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – тиісті құжаттарды бергенге дейін;

       9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

      10) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін – тиiстi құжаттарды бергенге дейін;

      10-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

       11) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

       12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша – тиiстi құжаттарды алғанға дейiн;

       13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн – апостиль қойғанға дейiн;

      14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңды мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;

      15) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

                                                                                  Панфилов ауданы бойынша

мемлекттік кірістер басқармасының

                                                                                  бөлім басшысы Сураншиева Э.Д.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.