Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 56
  • Week Visit: 11  750
  • Month Visit: 46  141
  • Years Visit: 579  233
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жеке тұлғалар салықтарды төлемеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының қабылдайтын шаралары

Жеке тұлғалар салықтарды төлемеген жағдайда,

мемлекеттік кірістер органдарының қабылдайтын шаралары

Панфилов ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, жеке тұлғалардан мерзімде төленбеген көлік, мүлік, жер салығы сомаларының түсімдерін қамтамасыз ету мақсатында, салықты толық көлемде төлемеген тұлғаларды анықтау бойынша тұрақты негізде іс-шараларды жүргізуде.

Салықтарды белгіленген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу бойынша мына шаралар қолданылады:

  • салықтық міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған әр бір күн үшін өсім есептеледі;
  • материалдарды борышкердің тұру орны бойынша сотқа беру;
  • берешегі 20 АЕК-ден асатын борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу;
  • борышкердің мүлігін өндіріп алу өнідірісі жүргізіледі;
  • соттың шешімін немесе өзге сот актісін және атқару құжатын орындамағаны үшін – жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамау.

Облыстың мемлекеттік кірістер басқармалары жеке тұлғалар бойынша салықтық берешекті өндіріп алу бойынша жұмысты жандандырды.

Сот  орындаушылармен бірлесіп, салық борышкерлеріне толық, соның ішінде пайдалануда шектеу және  мүлікке арналған құқық белгілеуші құжаттарды алып қою кешенді шараларды қабылдай отырып,  салықтық берешегі бар және сот органдарының шешімдерін орындамайтын салық төлеушілерді үй-үйді аралау үшін жұмыс тобы құрылды.

Мәселен, 2017 жылдың басынан 1,2 мың рейдтік іс-шара өткізілді, салықтарды төлемегені үшін сотқа 12,0 мың материал берілді, 19 борышкер 5 тәулікке қамауға алынды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап 1,1 мыңнан астам салық төлеуші елден шыға алған жоқ.

Осыған байланысты салық берешегі бар салық төлеушілерге хабарлама бойынша салықтық берешегін уақытылы төлеуге, берешек сомасымен келіспеген жағдайда – аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен салыстыруды жүргізуге кеңес береміз.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (www.kgd.gov.kz.), «Электрондық сервистер» бөлімі, «Салықтық берешегінің жоқ болуы (бар болуы) туралы мәліметтер» жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу жолымен салықтық берешегінің бар болуын тексеруге болады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман Огузов И.О.

Пікірлер қалдыруы жабылған.