Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 704
  • Week Visit: 7  176
  • Month Visit: 37  304
  • Years Visit: 447  818
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Cалық саясатының жаңа экономикалық бағыты

Қазақстан республикасының Президенті-Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың  халыққа арналған биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Еліміздің нақты жаһандық бәсекелестікке қабілетті ел болып, табысты өткен екі жаңғырудан мол тәжірибе жинап «Қазақстан -2050″стратегиясының орындалуға бағытталған сенімді қадам болмақ. Бұл мемлекетіміздің әлемдегі дамыған 30мемлекеттер қатарына кіріүін қамтамасыз ету жолындағы Жолдау,алдыңғы кезеңдегі нақты мақсаттарды жүзеге асыруды белгілеп қана қоймайбарлық қазақстандықтарды  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясындағы  «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындауға топтастыратын күш. Елбасы Жолдау аясында дамудың бес негізгі басымдылықтары ретінде ұлттық экономикамыздың технологиялық жаңғыртуы, іскерлік ортасын жақсарту,макроэкономикалық тұрақтау, ұлтық қауіпсісдігін  қамтамазыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күресу белгіленген. Жолдаудың бірінші басымдылығында,экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуықол жеткізі үшін Үкіметке циырлық индустрияныдамыту басқа салаларға серпін беретіндігін айта келіп, ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінқұру тапсырылған.  ОЛ әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Біздің саланың негізгі қызметіне қатысты тапсырманың тағы бірі-ол бизнес- ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту  тапсырмасы. Мемлекетіміздің стратегиялық мақсатының бірі-елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету бағыты. Осыған орай, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетіллдіру үшін әр өңір жаппай кәсіпкерлікті,соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұстануға тиіс. Оның ішінде, жаңа жұмыс орындарының санын артыру арқылы салық түсімдерін ұлғайту –мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін бағалаудың  негізгі көрсеткіштерінің бірі деуге болады. Мемлекеттік қызметкер көрсету процесстерін оңтайландырудың маңызы өте зор. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін  қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою арқылы салық төлеушілердің уақытын үнемделуіне жағдай жасауға бағыталған. Бұл орайда, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру кезең-кезеңмен көзделіп отыр. Бүгінгі күні салық төлеушілерге салық есептіліктер нысандарын оңтайландыра отырып, сандары қысқаруда. Сондай –ақ, дара кәсіпкер ретінде  тіркеу есебіне қою өтінішін беру тәртібінен хабарламалық тәртібіне  ауыстырылады. Ал, үшінші басымдылық-макроэкономикалық тұрақтылықтағы басты міндет – ақша- несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капиталды тарту көзделген. Ұлтық банк функцияларын өзгерте отырып, банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін бұрынғыдан да көбірек құқық берілетін болады. Сондай –ақ,салық –бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдей отырып, мемлекеттік даму бағдарламаларының қажетті ресурстарының  ведомствалардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажеттілігін нақты міндет етіп қойды. Сонымен қатар, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек, әрі тиіімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету қажеттілігі де атап өтілді. Елбасымыз салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейту бойынша нақты міндеттер қойды.  Қазіргі таңдағы салық жеңілдіктерін оңтайландыру, жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімдерін жаңаша қарастыру және  салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтып өтті. Соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды шешу Жолдауда нақты тапсырылды. Осы ретте, ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаражаттың басым бөлігі мемлекет қазынасына жұмсалатындығын ескерсек, Мемлекеттік кірістер органдарының, Елбасының Жолдаундағы тапсырмаларды орындаудағы  орнының ерекшелігін, оларға қойылған міндеттер мен талаптардың  маңыздылығын айтып өту қажет деп есептеймін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауынан туындаған міндеттерді, еліміздің экономикасын оданда арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы мақсатымызға жету  үшін, бірлесе  аянбай еңбек етуге тиістіміз. Біздің бірлесіп атқарған жұмысымыз- мемлекеттің және елдің мүддесі! Ол баршамызға ортақ іс! Сондықтан Жолдауды баршаңыз, бір ауыздан қолдауға шақырамыз!

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

 бөлімінің басшысы Абдрахманова Г.

Жеке тасымалдаумен айналысатын тұлға, ЖК ретінде тіркелу тиіс

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы органдарының қатысуымен жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы профилактикалық іс-шаралардың өткізілетіндігін хабарлайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 565-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу хабарлау тәртібімен жүргізіледі.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғандығы туралы белгіленген нысан бойынша хабарлайды.  Хабарламаны электронды түрде «Электрондық үкіметтің»  веб-портал арқылы немесе қағаз тасығышта келу тәртібімен  тапсыруға болады.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік алым алынбайды.

Дара кәсіпкердің көрсетілген табысына қарай ай сайынғы салық патент бойынша 2017 жылы-2% (екі пайызға), ал 2018 жылға қарай 1% (бір пайызы) құрайды.

Құрметті автокөлік иелері, Сіздер жеке тасымалдаумен айналысатын болсаңыздар ерікті түрде мемлекеттік кірістер органдарына дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұруларыңызды сұраймыз. Бұдан әрі жол полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шараларда заңсыз адам тасымалдаумен  айналысқан тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы іс-құжаттары сот қарауына жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысып әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеке тұлғаларға 15 АЕК              (34 035 теңге), сондай-ақ осы әрекетті бір жылда қайталанып жасаған жағдайда -30 АЕК (68 070 теңге) заттарын тәркілей отырып және (немесе) құралдарын тәркілій отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құрметті жолаушылар, қауіпсіздік мақсатында арнайы «Такси» белгілері бар тек арнайы бөлінген орындарда такси қызметін көрсететін көліктерді пайдалануға кеңес береміз.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұруға кеңес алу үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіңізге болады.

 Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

 бөлімінің басшысы Абдрахманова Г.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

  1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
  2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.
  3. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

      Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
  2. Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
  3. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

  Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

 бөлімінің басшысы Абдрахманова Г.

Пікірлер қалдыруы жабылған.