Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 702
  • Week Visit: 7  174
  • Month Visit: 37  302
  • Years Visit: 447  816
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

          Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

 Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;

2) жеке тұлға табысының төлемі, оның ішінде:

жеке тұлға үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі;

берешекті өтеу есебінен және (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету; борышты кешіру; мәміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту; репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салынуға жататын табысы болып табылады.

 Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:

1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер;

3) осы Кодекстің 160-бабының 1) және 3) – 6) тармақшаларында көрсетілген табыстар;

Панфилов ауданы бойынша

МКБ Бас маман  Салимбаева М

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – баршаға ортақ іс

             Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті даму жолындағы жеті басымдықтың бірі санап, негізгі қағидаларын анықтап берді. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады және мұндай бизнесті тиімсіз етеді, экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Жемқорлыққа қарсы күрес – салық қызметі жұмысының ең басты мәселелерінің бірі болып табы- лады және бүгінгі таңдағы міндетіміз сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою. Осыған байланысты ҚР ҚМ Салық комитеті төрағасының бұйрығымен «Қазақстан Республика сындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау туралы іс – шара жоспары дайындалған. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін тұлғаны ынталандыру қарас тырылған. Бұл барлық салық басқармалары қызметкерлеріне жеткізілді. Жалпы салық органдарының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді атқару барысында халықпен үнемі байланыс жасайды. Осыған орай салық қызметкерлері тарапынан халыққа мемле- кеттік қызмет көрсетудің регламенттерінің сақталуы, салық төлеушілердің салықтық сауалдарына заң аясында мерзімінде жауап берілуі қадағаланып отырылады. Жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының бірі – салықтық қызмет көрсету сапасын арттыру, салық төлеушілермен тікелей кездесуді азайтып, салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшіру болып табылады. Салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру негізінен электронды түрде орындалуда. Салық төлеушілер арнайы СОНО бағдарламасы бойынша салық есептерін өз кабинетінен шықпай тапсыра алады. Бұл жүйе салық органдарындағы кездесетін заң бұзушы лықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу негізі болып табылады. Себебі салық төлеушілерге көрсететін қызметтер электронды түрде орындалып, салық төлеушілердің салық органдары қызметкерлерімен жеке байланысын болдырмайды. Салық төлеушілерге жағдай жасау мақсатымен ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында және ауыл округтерінде арнайы «терминалдар» орнатылған. Осыған байланысты жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және патент беру, салықтық резиденттікті растау, салықтық есепті қабылдау, салық есептіліктерін уақытша тоқтата тұру, уақытын ұзарту, кері қайтарып алу бойынша салықтық қызметтер түрлері электронды түрде жүргізі леді. Сыбайлас жемқорлықты төмендету, онымен пәрменді күрестің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «www.salyk.kz» сайтымен Салық комитеті төрағасының арнайы блогы, облыстық салық департаментінің және салық басқармасының сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері жұмыс жасауда. Онда халықтың өз арыз-шағымдарын, ұсыныстарын білдіруге, көкейдегі сұрақтарын орналастыруға мүмкіндігі бар. Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау, алдын алу мақсатында Салық комитетінің wеб-сайтында «Электронды шағым кітабы» ашылып, салық төлеушіге электронды пошта арқылы арақашықтан салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және оларды жою бойынша шұғыл түрде шаралар қабылдап, тиісінше арызданушыға қаралу нәтижесі туралы ақпаратты алуға мүмкіншілік жасалды.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ Бас маман  Салимбаева М

Камералдық бақылау нәтижелері

    Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:

– анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,

– осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,

– осындай хабарламаны жіберу бойынша салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

– камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;

– жоғары тұрған салық органына – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

 Осы 587 баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:

– салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;

– түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);

– салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;

– камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;

– түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;

– қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.

Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

– Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

 Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ Бас маман  Салимбаева М

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған