Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтілді

IMG_4976IMG_4992

IMG_5033IMG_5009

Ел экономикасының бүгінгідей қарқынды қадаммен қарыштап дамуына  қарапайым ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркәсіп кешені мамандары да қомақты үлес қосуда.

Бүгін 2017 жылдың 27 желтоқсанында аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Темірлан Бектасов, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен мамандары қатысты. Жиында жыл қорытындысы туралы аудан әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов баяндама жасап, үстіміздегі жылы өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды.

 Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Темірлан Бектасов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсібіи мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының үздіктері мен алдыңғы қатарлы қызметкерлеріне, еңбек озаттарына Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының Құрмет грамотасын, аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Меркелік шараның соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

                                                                         Ұйымдастыру бөлішесінің бас маманы Ғапу Еркін

Пікірлер қалдыруы жабылған.