Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 68
  • Week Visit: 11  762
  • Month Visit: 46  153
  • Years Visit: 579  245
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Т.А.Бектасовтың аудан тұрғындарын Жаңа 2018 жылмен құттықтауы

Ардақты ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары!

iСіздерді санаулы күндерден кейін тәуелсіз еліміздің табалдырығынан аттағалы тұрған Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – барша адамзат баласы асыға күтетін мерейлі мереке. Біз жаңа жылда жеткен жетістігіміз бен жіберген кемшілігімізді сараптап, қорытындылаймыз.

 Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2017  жыл Қазақстан халқы үшін жемісті жыл болды. Биылғы жылы еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Атап айтсақ, жыл басында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен мемлекетімізде конституциялық реформалар жүзеге асты. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Мақалада айтылған қазақ тілін біртіндеп Латын қарпіне көшірудің алғашқы дайындық жұмыстары аяқталып, жаңа әліпбидің жобасы бекітілді. Алматы қаласында өткен 28-ші кезекті Бүкіл әлемдік Қысқы Универсиада ойындарында еліміз жалпы командалық есепте екінші орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Елордамыз Астана қаласында EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті. Мемлекетіміз үшін бұл да үлкен жетістік. «Еліне лайық ері туады» демекші, мұның бәрі елін сүйген Елбасыға тілеулес болған халық бірлігінің арқасы екені даусыз.

Қадірлі аудан тұрғындары!

Осындай елеулі оқиғалармен есте қалған өткен жылға әрине өкпеміз жоқ. Келе жатқан жаңа жылдан күтетін жақсылығымыз да жетерлік. Осынау мерейлі сәтте баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Жаңа 2018 жыл әрбір шаңыраққа бақыт пен береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!

Мереке құтты болсын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.