Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат алу

«Экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат алу» мемлекеттік қызметінің стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 179 бұйрығымен бекітілген.

Қызмет көрсету орны – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Электрондық үкімет» порталы.

Қызметті онлайн қалай алады

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бастырмасы бойынша өту.
  2. Өтінішті толтыру және оған ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қою. Өтінімге құжаттарды бекіту:
  • білім алушы ата-анасымен немесе олардың орнын ауыстырушылармен шетелге шыққан жағдайда білім алушы ата-анасының немесе олардың орнын ауыстырушылардың шетелде уақытша тұруы туралы анықтаманың көшірмесі;
  • білім алушы ата-анасы немесе олардың орнын ауыстырушыларысыз шетелге шыққан жағдайда қызмет алушының атына шетелде білім алуы туралы. құжаттың көшірмесі;
  • қызмет алушының туу туралы куәлігінің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) электронды көшірмесі.
  1. Жеке кабинетте қызмет көрсету нәтижесімен танысу.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш (ерікті нысанда).
  2. Дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы.
  3. Білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды ауыстырушының шетелде уақытша тұратыны туралы анықтама, шетелде оқуды растайтын құжат (қажеттілігі болғанда).
  4. Білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын құжат
  5. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі  (салыстыруға арналған көшірме).

Қызмет көрсету нәтижесі – негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.

Панфилов ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.