Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  149
  • Week Visit: 34  042
  • Month Visit: 161  694
  • Years Visit: 805  776
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтуде

IMG_5378 IMG_5405 IMG_5439 IMG_5467 IMG_5481 IMG_5507 IMG_5523 IMG_5550 IMG_5565

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 190 Жарлығына сәйкес жыл басында барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есепті кездесулер өткізеді. Жыл сайын өтетін барлық деңгейдегі әкімдердің есептері еліміздегі қоғамдық-саяси өмірді демократияландырудың, мемлекеттік басқарудың заманауи және тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.

         Аталған Жарлықты орындау үшін 16 қаңтардан бастап Панфилов ауданында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері басталды. Аудан әкімі Бектасов Темірлан Амангелдіұлының алғашқы есепті кездесуі Пенжім ауылдық округінде өтті. Одан кейінгі кездесулер Бірлік, Үлкеншыған, Сарыбел, Жаскент, Шолақай, Үлкенағаш, Көктал ауылдық округтерінде жалғасты. Аудан әкімінің есебінде 2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған нақты жұмыстар туралы және 2018 жылға қойылған  мақсат-міндеттер мен  негізгі бағыттар баяндалды.

         Кездесуге Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сапарғалиев Жаныс Құдайбергенұлы, Панфилов ауданы прокурорының орынбасарлары Омбаев Ержан Тоқтасынұлы, Байсаров Азамат Ерікұлы қатысты. Есепті кездесуге дейін аудандық құрылымдардың басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесулерге жалпы 4346 адам қатысып, 128 адам сөйледі, тұрғындар тарапынан 15 ұсыныс түсті. Сөйлеушілер ауылдың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында, өңірдегі білім деңгейін көтеруде бірқатар оң өзгерістердің болғанын тілге тиек етті. 

Кездесу барысында Мәдениет үйін және клубтарды, мектептерді, суару каналдары мен сумен жабдықтау желілерін жөндеу, сондай-ақ субсидиялау, ауыз сумен қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу мәселелері қаралды. Осы бағытта тұрғындарға барлық мәселелер түсіндірілді. Кездесуге қатысушылар аудан әкімі мен ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмысын оң бағалады. Келесі есепті кездесулер Айдарлы, Қоңырөлең, Басқұншы, Үшарал ауылдық округтерінде, сондай-ақ Жаркент қаласында жалғасады. Аудан әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі 31 қаңтарда аудандық Мәдениет үйінде өтеді.

    Ұйымдастыру бөлімшесінің бас маманы Ғапу Еркін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған