Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 590
  • Week Visit: 12  449
  • Month Visit: 46  032
  • Years Visit: 578  424
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Тері бұйымдарын таңбалаудағы кәсіпкер іс-әрекеттің алгоритімдік қадамдары

Тері бұйымдарын таңбалау – бекітілген үлгідегі тауарларға бақылау үшін (сәйкестендіру) таңбасын (БсТ) енгізу

Бекітілген құжаттамаға сәйкес тауарларды таңбалау кезінде БсТ-ны енгізудің үш тәсілі қолданылуы мүмкін:

  1. Тігілген (тауарларды дайындауда астарындағы тігіске БсТ-ны тігу)
  2. Желімделген (затбелгіде бар бос орынға өзі жабысатын БсТ-ны жапсыру)
  3. Жапсырма (желкебауға немесе ілгекке бекітілетін бір реттік пломблайтын элементі бар пластикалық аспалы БсТ)

Таңбалауға жататын тауарлар

4303 СЭҚ ТН тобына жататын тері бұйымдарын таңбаланады

    Тауардың атауы                                                                    Код СЭҚ ТН

  1. Қаракүзен терісінен тігілген киімдер – 4303 10  901 0
  2. Кәмшат терісінен тігілген киімдер – 4303 10 902 0
  3. Ақ түлкі немесе түлкі (ұрғашы) терісінен тігілген киімдер – 4303 10 903 0
  4. Қоян немесе үй қояны терісінен тігілген киімдер – 4303 10 904 0
  5. Жанат терісінен тігілген киімдер – 4303 10 905 0
  6. Қой терісінен тігілген киімдер – 4303 10 906 0
  7. Табиғи теріден тігілген басқа да киімдер – 4303 10 908 0

Осы тауарлар тізіміне қолғаптар мен бас киімдер немесе бөлшектері жатпайды.

    4303 тауар топтамасына иленген терілер және басқа да материалдардың қосындысынан жинақталған бөліктері, иленген терілер және киім түрінде бірге тігілген немесе оның бөліктері, сондай-ақ оған қатысты және де басқа бұйымдар жатады.

 

Қандай жағдайда таңбаланады?

Тері өнімдерін таңбалау тері өнімдерін өндіретін, әкелетін және сататын кәсіпкерлік қызметке ғана қатысты. Тауарларды таңбалау талаптары келесі жағдайларда ғана:

Үшінші мемлекеттерден тауарларды тасымалдағанда;

-Тері өнімдерін өндіргенде (тіккенде);

-Трансшекаралық сауда-саттықта (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге/ден әкету/әкелу);

-Комиссиялық сауда-саттықта;

-Қалған тауарларды таңбалауда;

-Сатып алынған тауарларды қайтаруда БсТ;

-БсТ жоғалған және бүлінген тауарларға БсТ қолданылады.

Жеке тұлғалар тері өнімдерін сатып алғанда, таңбалау талаптары қолданылмайды

Таңбалау кезінде кәсіпкердің іс-әрекеті

Таңбалау кезіндегі кәсіпкер іс-әрекеттің қадамдары
1.Kazakhstan GS1 қауымдастығына тіркелу
2.GS1 жүйесіне тауарларды қосу және GTIN нөмірлерін алу
3.Тауарларды таңбалау бағдарламалық қызмет көрсету өнімінде (БҚӨ) тіркелу
4.2 дең. Эмит. келісімін (ТОО «Isker Akparat»)
5. АЖ таңбалауда БсТ-ны даралауға өтінім:
-Үшінші елдерден импорттауда (ЕАЭО мемлекеттерін қоспағанда);
-Қазақстанда өндірілген тауарларға;
-Қалып қалған тауарларға;
-Комиссиялық сауда-саттықта қарастырылған;
6. Дербестелінген БсТ-ны алу
7. Тауарларды таңбалау/тауарларға БсТ-ны қолдану
8.Тауарларды өткізу
«Тауарларды таңбалау» БҚӨ тіркеу үшін электронды санды қолы болуы қажет (ЭСҚ).

Кәсіпкерлер бақылау таңбасын алу үшін, алдымен GS1 қауымдастығына тіркелу қажет, өйткені тіркелусіз GTIN нөмірін алу мүмкін емес.

Тауарларды таңбалау бағдарламалық қызмет көрсету өнімі (БҚӨ) – ақпараттық қызмет көрсету бағдарламасы. Мұнда тері бұйымдарын тіркейді, есепке және бақылауға алады. БҚӨ-ге http:// markirovka. nitec kz/ интернеттегі сайт арқылы қолжеткізуге болады

Кәсіпкерлер бақылау таңбасын алу үшін өтінімдері Таңбалау жүйесіндегі қосымша парақ арқылы ресімдей алады. Тауарлардың шығарылған жеріне ( импорт, өндіріс және т.б.) байланысты өтінімдер формасы әртүрлі болады. Мысалы, өндіруші үшін кедендік декларациядан деректер ұсыну қажеттілігі жоқ.

Тері бұйымдары бизнесінің өкілдеріне қызмет көрсететін Эмитент 2- жеке кәсіпкер өтінімді қарайды және даралайды. Бақылау таңбаларын пошта арқылы немесе өздері ала алады.

Бақылау таңбаларын алғаннан соң, олардың түріне қарай тері бұйымдарын ілу және жапсыру қажет. Сондай-ақ, өтінім берген кездегі тауардың әр бақылау таңбасы сипаттамасына сәйкес болады, яғни А үлгісіндегі бақылау таңбасын В үлгісіне қолдануға болмайды.

Әр жеке кәсіпкердің таңбалау сайтында жеке кабинеті болады, онда барлық таңбаланған тауарларға есеп жүргізіледі. Кәсіпкерлер таңбаланған тауарларға қатысты әрбір әрекеті интернет сайт арқылы таңбалау жүйесінде (АЖ таңбалауында) ашық болатынын ескеруі тиіс.
Трансшекаралық сауда-саттықта бақылау таңбаларына өтінімді ресімдеу қажет емес (айналымға тек таңбаланған тауарларға рұқсат беріледі).Таңбалау жүйесі сайтында кіріп, БсТ нөмірін тізіміне енгізу қажет. Нәтижесінде бұл тауарлар Қазақстанның таңбалау жүйесіне енеді және оларды Қазақстан аумағында сатуға болады (таңбаланған тауарларды шет елге сату жағдайында ақпарат анықталады).
Қайта сату барысында (таңбаланған тауарларды) коммерциялық қызметте сатушы және сатып алушы таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет. Келісім барысында баланс сатушыдан алынып, сатып алушының баланысына түседі. Бұрын сатылып кеткен немесе баланстан шығарылған тауарларды қайтарып берген (айырбастаған) жағдайда оларды қайта сату үшін таңбалау жүйесіне енгізу қажет. Тауарларды бүлінгенде және жоғалғанда таңбалау жүйесінен айналып тасталынады.  Бақылау таңбасы бүлінген немесе жоғалғанда, жаңа бақылау таңбасына тапсырыс беріледі.

Таңбалау кезіндегі кәсіпкердің іс-әрекеті

Таңбаланған тері бұйымдарының  тауар айналымы

 

Қандай жағдайларда АЖ таңбалауға есепке алынады :
-Трансшекаралық сауда-саттықта (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден/ге таңбаланған тауарларды әкелу/әкету);
-кәсіпкерлік (коммерциялық) қызмет үшін тауарларды сатуда/сатып алуда (қайта сатуда);
-Заңнамамен белгіленген мерзімде немесе одан кейін БсТ-сы бүлінген/жоғалған немесе бүтін тауарларды қайтарып беруде (айырбастауда);
-БсТ немесе тауарлар бүлінгенде/жоғалғанда.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Салимбаева М

Пікірлер қалдыруы жабылған.