Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 560
  • Week Visit: 12  487
  • Month Visit: 45  015
  • Years Visit: 577  027
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

         Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:

1) неке қиюды тiркегенi үшiн – 1 АЕК;

2) неке бұзуды тiркегенi үшiн:

кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК;

сот шешiмi негiзiнде – 1,5 АЕК (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде –
0,1 АЕК;

3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертуді тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

4) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн –
0,5 АЕК;

5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi бергенi үшiн – 1 АЕК;

6) шетел азаматтарының ұл бала (қыз бала) асырап  алуын тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар бергені үшін – 0,3 АЕК;

8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК;

9) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК.

Э.Сураншиева – Панфилов ауданы бойынша

МКБ-ның талдау, есеп, есептілік және ақпараттық

технологиялар бөлім басшысы

Пікірлер қалдыруы жабылған.