Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  148
  • Week Visit: 34  041
  • Month Visit: 161  693
  • Years Visit: 805  775
  • Total Page Views: 12

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

  Панфилов ауданының әкімі Т.Бектасовтың

«Панфилов ауданының  2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы және 2018 жылдың жоспары туралы» аудан тұрғындары алдыдағы есепті

БАЯНДАМАСЫ

Ардақты ағайын!

Бүгін біз сіздермен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайынғы дәстүрлі есепті кездесуде бас қосып отырмыз.

Елімізде 2018 жылдың 16 қаңтарынан бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі басталды.

Өздеріңізге белгілі мен аудан әкімі қызметіне 2017 жылдың желтоқсан айында тағайындалдым.     

Бүгінгі баяндамада айтылатын жұмыстар маған дейінгі әкімнің басшылығымен атқарылған. Баяндаманың толық нұсқасы аудандық газетке жарияланды. Сіздердің алдарыңызда былтырғы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.

2017 жылы ауданда 47 есепті кездесу өтті, оған 6 994 тұрғын қатысып, 178 адам сөз алды. Тұрғындардан 35 ұсыныс түсті.

Оның ішінде аудан әкімінің 15 кездесуінде айтылған 12 ұсыныстың 1-уі ауыз су мәселесі, 5-уі құрылыс жұмыстары және жолдарды жөндеу, 3-уі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу, 3-уі басқа мәселе болды. 

Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдерінің 32 есепті кездесуінде 23 ұсыныс айтылды. Оның 2-уі ауыз су мәселесі, 7-уі  құрылыс жұмыстары және жолдарды жөндеу, 2-уі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу, 2-уі елді мекендерді электрмен, газбен қамтамасыз ету,  4-уі абаттандыру және санитарлық тазалық, 6-уы басқа мәселелер.

Ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, толығымен орындалды.

Күні кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жария етті. Жолдауда қол жеткізген жетістіктер сараланып, алдымызға нақты 10 міндет қойды. Келешекте Жолдауды бір кісідей қолдап, бірлесіп жұмыс атқарамыз деген сенімдемін.

Өткенге көз жүгіртсек, 2017 жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Облысымыздағы басқа өңірлермен қатар ауданымыз да жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің құны 37,6 млрд.теңгеге жетті.

       Жалпы егіс алқабының көлемі 481 гектарға ұлғайды. 43,4 мың гектарға дақылдар егілді. Өздеріңізге белгілі облыстағы жүгерінің 33 пайызы біздің ауданда өсіріледі. Жүгері 25 785 гектарға егіліп, 160 мың тонна өнім жиналды. Жалпы 162 мың тонна астық жиналып, 2016 жылдың деңгейіне 102 пайызды құрады. Жүгері дақылы 160,0 мың тонна жиналып, бір гектардан 62 центнерден алынды. Жиналған жүгері дәнінің 92 мың тоннасы немесе 57,5 пайызы Жаркент крахмал-сірне зауытына, 24 мың тоннасы немесе 15 пайызы Шамалған сірне заводына өткізілді. Аудан базарларында 7,5 мың тонна жүгері сатылды. 32,5 мың тоннасы жемдік азыққа сақталды.

Индустрияландыру Картасы аясында іске қосылған Жаркент крахмал-сірне зауытында жүгері дәнін қалдықсыз өңдеу циклы құрылды. Өңдеу қуаттылығы 20 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін көбейді.

Өсімдік шаруашылығында өнім өндіруді 30 пайызға арттыру, егістік жерлерді сұйық азот тыңайтқышымен қамтамасыз ету мақсатында Татарстан Республикасымен келісім-шарт жасалды. Келешекте «Эксимбейс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында техника мен жабдықтарын орнатып, тыңайтқыштарды қаптап сату жоспарланып отыр.

       Мал шаруашылығында өсім сақталды. Малдың жылқыдан басқа барлық түрі және құстың саны артты.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 670 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 839 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 223 бас жылқы сатып алынды. Тапсырма толық орындалды.

       Жалпы 400 бас ірі қараға арналған 2 мал бордақылау алаңы, тауарлы сүт фермасы құрылып, жұмыс істеуде.

«Сүйінов» шаруа қожалығы мал соятын орын, шағын ет комбинаты құрылысын салуды, етті тоңазытатын камера қоюды жоспарлап отыр.

Шаруашылықтар мемлекет тарапынан жалпы 3,6 млрд.теңгенің көмегін алды. «Жаркент несие» серіктестігі арқылы 51 шаруа қожалығы 406,1 млн.теңге несие алды.

          2016 жылы «Жаркент фрукт» жауапкершілгі шектеулі серіктестігі 1 100 гектарға жеміс-жидек бағын еккен болатын.

2017 жылы алғашқы өнім 15 тонна алма алынды, 2018 жылы 2740 тонна көлемінде шабдол, алма және шие жемісін алу жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп саласында 15 млрд.теңгеге жуық  өнім өндірілді. Өнімнің негізгі түрлері бойынша крахмал 12 344 тонна өндіріліп, 2016 жылдың тиісті кезеңіне 129,1 пайыз немесе  2781 тонна артық, патока  14 529 тонна немесе 145,1 пайыз және 4 516 тонна артық,  қаптама қаптар және пакеттер 36673 мың дана немесе 100,2 пайыз болды. Ал, өткен жылы жұмысын бастаған «Ақсұңқар» серіктестігінің жүн жуатын цехы 501 тонна қой жүнін жуып өңдеп, 188,3 пайызға жетіп отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты индекс көлемінің кемуі байқалады. Оның себебі – ауданда ірі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты құм, шағыл және тауарлы бетон өндірісіне сұраныстың төмендеуі.

Жоспардағы 2 нысан іске қосылды. Олар: «Эксимбейс» ЖШС жүгері дәнін кептіретін цех, «МаксДорСтрой» ЖШС асфальт шығаратын зауыт. Нәтижесінде қосымша  61 жұмыс орны ашылды.

Жаркент крахмал-сірне зауыты 2017 жылы өндіріске пайдалануға 963,0 млн.теңгеге жаңа жабдықтар алды.

Сонымен қатар «Элэнжи Фактори» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 365 мың тонна сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 41,0 млрд.теңге. Іске қосу мерзімі – 2018-2020 жылдар.

2018 жылы «Қорғас – Шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймақта» 186 жаңа жұмыс орны ашылатын 3 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Олар:   

 1) «Заря ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серкітестік – жүгері дәнін қабылдап, тазалап, кептіретін және сақтайтын зауыт. Қуаттылығы жылына 100 мың тонна жүгері дәнін кептіреді. Жобаның құны 975 млн.теңге;

2) «Феникс Фид Миллс» жауапкершілігі шектеулі серкітестік – күрделі жем шығаратын зауыт және элеватор. Зауыттың қуаттылығы – жылына 60 мың тонна өнім шығарады. Элеватор қуаттылығы – 15 мың тонна. Келешекте 30 мың тоннаға дейін көбейтеді. Жоба құны- 4,7 млрд. теңге;

  3) «Хубей Келиссон» жауапкершілігі шектеулі серкітестік – тауарлы бетон өндіретін зауыт, құны – 4,8 млрд.теңге.

Шағын және орта бизнес субъектілер саны 8,7 пайызға артып,             8 989 бірлікті құрады.

Жұмыспен қамтылғандар саны – 23,4 мың адам (103,4%). Өндірген өнімнің және көрсеткен қызметтің көлемі – 36,2 млрд.теңге (102,8%). Бюджетке түскен салық және басқа төлемдер 2,1 млрд.теңге (88,5%).

Бұл салада жаңа 16 нысан іске қосылып, оған 597,0 млн.теңге инвестиция салынды. Қосымша 114 жұмыс орны ашылды. 2018 жылы 10 нысан іске қосылып, қосымша 90 жұмыс орны ашылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 жоба 286,0 млн.теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. МаксДорСтрой» ЖШС – 105 млн. теңге, «Мусаев» ЖК – 44 млн. теңге, «Аксубаева» ЖК – 60 млн. теңге, «Алан Транс» ЖШС – 60 млн. теңге-несиенің проценттік пайызын субсидиялауға; «Мусаев» ЖК – 16 млн. теңге- жартылай кепілдікпен; «Аманбаева» ЖК 1,0 млн. теңге- грант.

Бөлшек тауар сауда айналымының көлемі 10,8 млрд.теңгені құрады.

2018 жылы Жаркент қаласының  солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа базар, оның сыртында жалпы алаңы 2 500 шаршы метр құрайтын сауда орталығы ашылады.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 57,8 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде: бюджет қаржысы – 13,2 млрд.теңге немесе 23 пайызды, бюджеттік емес қаржы – 44,6 млрд.теңге немесе 77 пайызды құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,1 млрд.теңгені құрады (2016 жылы 18,4 млрд.теңге болған).

       Қолданысқа 11 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 26 пайызды құрады.

       Жалпы құрылыс және жобалау жұмыстарына 2017 жылға 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз игерілді. Оның ішінде: Пенжім ауылында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған 75 адамға берілді. Жаркент қаласында 300 орынға арналған жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаркент қаласында жеке 40 жалгерлік тұрғын үй  құрылысы басталды.

Бюджетке жалпы түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерінің 2017 жылдың жоспары 102,8 пайызға орындалып, 6,3 млрд.теңгені құрады.

Оның ішінде республикалық бюджетке – 1,5 млрд.теңге (103,8%), жергілікті бюджетке – 4,8 млрд.теңге (102,5%), аудандық бюджетке – 3,0 млрд.теңге (102,3%) түсті.

2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджет түсімдері 229,5 млн.теңгеге артты. Ал республикалық бюджетке түсім 837 млн.теңгеге кеміді.

Оның себебі – 2016 жылы «ПИЭСАЙСТРОЙИНДУСТРИЯ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосымша құн салығы мен  заңды тұлғалардан корпоративті табыс салығы бір реттік түсімінің 282,8 млн.теңгеге азайғанынан болып отыр.

Бюджетке берешек қарыз 2017 жылдың 1 қаңтарындағы кезеңмен салыстырғанда 31,3 млн.теңгеге өсіп, 65,5 млн.теңгені құрады. Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша өсім бар.

Аудан бюджеті шығыстар бойынша 14,2 млрд.теңгені құрап, 99,9 пайызға орындалды.

Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 94,4 млн. теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан ерікті түрдегі алымдар – 2,3 млн. теңге, сыртқы жарнама – 120,0 мың теңге, әкімдердің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беруден – 3,1 млн. теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар – 232,6 мың теңге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер – 88,7 млн. теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша Жаркент қаласының 6 көшесінің 17,6 шақырымына көше жарығын орнатуға 130,5 млн.теңге, Аққұдық ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жұмысын аяқтауға 7,4 млн.теңге жұмсалды.

Жаркент қаласына газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге қаланың төменгі бөлігінде 40 мың метр газ құбыры жүргізілді. Жекеменшік секторда 120 тұрғын үйге газ қосылды, 464 келісім-шарт жасалды.

Жол-құрылыс жұмыстарына 898,6 млн.теңге жұмсалып, 16 шақырым жолға орташа жөндеу, 68,3 мың шаршы метрге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2017 жылы облыстық бюджеттен Жаркент қаласының орталығы Жібек жолы даңғылындағы 6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді. 2018 жылы жалғасын табады.

2018 жылы «Басты Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бойында көп функционалды қызмет көрсету кешені бар Халықаралық автовокзал құрылысы басталады. Жалпы аумағы – 4 908 шаршы метрді, ғимараттың аумағы        11 879 шаршы метрді құрайды.

       Әлеуметтік сала бойынша жаңа 1522 жұмыс орны ашылып, жоспар 102 пайызға орындалды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 1 689 адамды қамту үшін 508,4 млн.теңге игерілді. Соның ішінде: 55 адам тегін кәсіптік және техникалық білім алуға, 330 адам қысқа мерзімді кәсіби оқуға, 218 адам кәсіпкерлікті жүргізуді оқытуға, 94 әлеуметтік жұмыс орындарына, 87 жастар практикасына, 795 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Жоспардағы 39 адамның орнына 110 адам 518,3 млн.теңге шағын несие алды, қосымша 110 жұмыс орны ашылды.

Жастар саясатына да үнемі көңіл бөлініп, ауданымыздың жастары облыс көлемінде өткен шараларға белсене қатысуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болған.

Осы көрсеткішті төмендету мақсатында 2017 жылы жастар корпусын дамыту жобасы аясында Дүниежүзілік банктің қолдауымен аудан жастары 18 жобаны ұтып алды. Жобаларды жүзеге асыру барысында 18,0 млн.теңгеге 61 адам бес ай көлемінде ай сайын 61 мың теңгеден шәкіртақы алып, жұмыс жасады.

Оның сыртында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 140 жас жұмыспен қамтылды.

Білім саласында үш ауысымда оқитын Үлкеншыған ауылында 1 мектеп бар. Бұл кемшілікті жою мақсатында 2017 жылы Үлкеншыған орта мектебіне қосымша жаңа ғимараттың құрылысын салу жұмысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы жалғасын табады.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту мекемелерін ашу бойынша жоспардағы 5 балабақшаның орнына 350 орынға арналған  жекеменшік 7 балабақша ашылды.

Нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 96 пайызды құрады.

2018 жылы 175 орынға арналған жекеменшік 3 балабақша іске қосылса, балабақшамен қамтуды 97,0 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

2018 жылы Алтынкөлдің жағасынан «Қазақстан Су серіктестігі» қоғамдық қоры 100 балаға арналған жазғы лагерь құрылысын салуды жоспарлап отыр. Тартылатын инвестиция 1,8 млрд.теңге.

Денсаулық сақтау саласында сәби өлімі 5 пайызға өсті (20 жағдай тіркелді), 1 ана өлімі орын алды.

Бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылданып, жұмыс жүргізілуде.

        Биылғы жылы Шолақай ауылында дәрігерлік амбулатория, Төменгі Пенжім ауылында фельдшерлік акушерлік пункт ғимараты құрылысы салынды. Аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 301 млн.теңгеге компьютерлі томография құрылғысы сатып алынды.

        Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында ауданда 330 іс-шара өткізіліп, оған 57 мың адам қатысты.

«Туған жерге туыңды тік» дейді халық даналығы. «Туған жер» жобасы аясында ауданнан шыққан кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп, 898,0 млн.теңгеге 12 жоба іске асырылуда. Оның ішінде қомақты қаражатқа Жаркент қаласында медициналық орталық құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі күні орталыққа озық технологиямен жасалған жабдықтар сатып алынды. Әртүрлі ота жасау үшін Қытай, Ресей және Корея елдерінің дәрігерлерімен келісім-шарттар жасалуда. Медициналық орталық жұмысын жақын күндерде бастайды.

Бұқаралық спорт түрлерін ауыл жастары арасында кеңінен насихаттау арқылы спортпен тұрақты айналысатын адамдар саны 6 пайызға өсіп, 35 450 адамға жетті. Спорт саласында да бірқатар табыстарға қол жеткіздік. Атап айтсақ жерлесіміз Демеу Жадраев Париж қаласында Грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз күміс жүлдегер атанды. Ал ардагер спортшымыз Нұржан Нұрбеков Болгария мемлекеті, Пловдивие қаласында Грек-рим күресінен өткен Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанды.  

Құқық бұзушылық бойынша ауданда 2017 жылы 919  факт тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға өсті. Бұл бағытта жұмыла жұмыс атқарып, пәрменді шараларды жүзеге асыру баршамыздың борышымыз.

       Ауданның меншікті  кірістері  2018 жылға 2 989,3 млн.теңге көлемінде болжамдалды. Бұл жалпы түсімнің 21,3 пайыз үлесін құрайды.

Аудан бюджетінің шығыстары 14 135,8 млн.теңгені құрайды немесе 2017 жылғыдан 4,1 пайызға көбейіп отыр.

Ардақты ағайын!

Жаркент өңірі – ынтымағы жарасып, еңбектің туын биік ұстаған ел. 2018 жылы Елбасының саясаты жұмысымызға серпін беріп, жаңа белестерге жетелесін. Келешегіміз келісті, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Назарларыңызға рахмет!

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.