Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  149
  • Week Visit: 34  042
  • Month Visit: 161  694
  • Years Visit: 805  776
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Құрметті салық төлеуші! 2018 жылда салық есептілігін тапсыру туралы

Құрметті салық төлеуші!

        2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы заң актілерімен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін (БЖС) және патент негізіндегі арнаулы салық режимдерін  қолданатын салық төлеушілер үшін әлеуметтік салықты жоюдың, және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеудің 2020 жылға көшіру қарастырылғанын назарларыңызға жеткіземіз.

         Осыған байланысты, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ Бұйрығы бекітілгенге дейін, 2018 жылғы салық міндеттемелері бойынша 910.00, 911.00, 920.00 СЕН – дарының мына жолдарын толтырмау немесе «0» көрсеткішін көрсету қажет:

911.00 СЕН-да:

– «Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы» 911.00.004 жолын;

– «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының сомасы»  911.00.008 жолын;

– «Әлеуметтік салық» және «міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыруға жарналары» 911.00.010 жолын.

910.00 СЕН-да:

– «Дара кәсіпкерлер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының сомасы» 910.00.014 жолын.

 920.00 СЕН-да:

– «Әлеуметтік салықты есептеу» бөлімін;

– «Шаруашылық басшысының және мүшелерінің төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының сомасы» 920.00.025 жолын.

         Егер де 911.00 СЕН-ын өңдемеуі туралы хабарлама 911.00.002; 911.00.003; 911.00.004 және 911.00.008 жолдарына (жеке немесе жиынтығында)  байланысты болған жағдайда, бұл СЕН-дары кешірек өнделіп, патент берілетін болады (СЕН-ын  қайта жіберу талап етілмейді). Ал егерде қателердің басқа да түрлері бар болған жағдайда 911.00 СЕН-ы табыс етілмеген деп есептеледі.

Панфилов ауданы бойыеша МКБ

жетекші маман Мухамеди Е.Б

Пікірлер қалдыруы жабылған.