Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 580
  • Week Visit: 12  439
  • Month Visit: 46  022
  • Years Visit: 578  414
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Түлектерді оқуға шақыру

Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ Алматы, Қарағанды және Қостанай академиялары, сонымен  қатар Ақтөбе заң институты күндізгі оқу факультетіне түсетін  16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады.

       ІІМ жоғары оқу орындары күндізгі оқыту факультетінде  Алматы академиясы «Жедел – іздестіру, Ақпараттық жүйелер, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша, Қарағанды акдемиясы  – «Сотқа дейінгі тергеу, жедел-криминалистикалық» мамандығы бойынша, Қостанай академиясы бойынша – Әкімшілік – құқықтық  мамандандырулар,  Ақтөбе заң институты – «Құқық қорғау қызметі» сондай-ақ (2 жылдық оқу мерзімге) Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Заңгер» мамандығынан басқа, жоғары білімі бар ҚР – ның азаматтары қабылданады. Академияларда оқу мерзімі  4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсанттар казармада тұрады, тамақпен киіммен қамтамасыз етіліп, Республикалық бюджет есебінен оларға шәкіртақы төленеді. Оқуды аяқтағаннан соң бітірушілерге «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріліп, оқуға жіберген ІІО бөліністеріне міндетті түрде жұмысқа орналасады.

      Академияларға үміткерлерді қабылдау ҰБТ сертификат балымен немесе КТ сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі, сонымен қатар медициналық, дене дайындығы мен психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеледі.

      Академияларға түсу конкурсына қатысу үшін ҰБТ немесе КТА – дан 50 балдан кем болмауы керек, соның ішінде профильді пәндерді қосқанда әр пән бойынша 5 балдан төмен болмауы тиіс, профильді пәндер (Тарих, Адам. Қоғам. Құқық. Физика).

     Жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерді оқуға рәсімдеу олардың тұрғылықты жерлері бойынша ІІО – мен жүзеге асырылып өтініш (еркін нысанда) беріледі.

      Қосымша толық ақпараттарды Панфилов ауданының ішкі істер бөліміне мына байланыс телефондары арқылы ала аласыздар: 8 /72831/ 5-21-95.

     Мекен жайымыз: Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі № 102 үй.

Панфилов ауданы ІІБ

Кадр жұмысы тобының

аға инспекторы Н.Абуев

Пікірлер қалдыруы жабылған.