Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 795
  • Week Visit: 49  446
  • Month Visit: 118  116
  • Years Visit: 649  712
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтері

      Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35-бабының   спорттық разрядтар мен санаттарын беру» туралы 2), 4), тармақшаларына , Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы, Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 315 қаулысына сәйкес,  

1.      «Екінші, разрядтар және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру»

  1. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қызметі бойынша,ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінде спорттық разрядтар беру қызметтері көрсетіледі. Бұл мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі.
  2. Спорттық санаттар алу үшін төмендегідей құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.
  3. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмелері
  4. Жарыс хаттамалары көшірмесі
  5. Бас төрешінің қолдау хаты (ходотайство)
  6. Өтініш
  7. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке төмендегідей құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

  2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес тұрғын үй беру туралы өтініш;

  3) өтініш берушінің жеке куәлігінің нотариат куәландырылған көшірмесі;

      4) тиісті Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада комитеттерінен Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.

      Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары аяқталған күннен бастап бір ай ішінде береді.

Ауданның дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бас маманы Г.Калиева

Пікірлер қалдыруы жабылған.