Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 17  342
  • Week Visit: 50  197
  • Month Visit: 119  016
  • Years Visit: 651  667
  • Total Page Views: 5

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат

Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесі 2017 жылы белгіленген жоспар бойынша жұмыс жасап, бір жылдың ішінде барлығы 27 отырыс өтті.

2017 жылда төмендегі мәселелер қаралды:

2017 жылғы 27 қаңтарда «Панфилов ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының 2016 жылғы қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың есебі тыңдалды;

2017 жылғы 21 ақпанда «Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы 2016 жылы бойынша» Үлкеншыған ауылдық округі әкімі М.О.Оспанбековтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.О.Жанпейсовтің есептері тыңдалды;

2017 жылғы 6 маусымда «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  Панфилов ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Қ.Қасымбаевтың және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша атқарған жұмыс нәтижелері туралы» аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің басшысы О.Н.Бекмұхамбеттің есептері тыңдалды;

2017 жылғы  19 қырқүйекте «Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу барысы туралы» Панфилов ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Т.Н.Керімбековтың және «8 айда Басқұншы  ауылдық округі  әкімі аппаратының  бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы» Басқұншы ауылдық округі әкімінің орынбасары С.С. Бұрқанбековтың есептері тыңдалды;

2017 жылғы 8  желтоқсанда  «9 айда Жаркент қаласы әкімі аппаратының   бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы туралы»  Жаркент қаласының әкімі Е.Е.Нұрахметовтың есебі тыңдалды және Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді;

2017 жылғы 20  желтоқсанда  «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Қ.Сембаевтың  және «Бюджеттік бағдарламалардың және басқа жоспарлардың орындалуы бойынша  атқарған жұмыс нәтижелері туралы»  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің  басшысы Ж.Н.Наймантаевтың есептері тыңдалды.

         Сонымен бірге, 22 рет Қоғамдық тыңдау өткізіліп, олардың барысында  жергілікті өкілді және атқарушы органдарының 29 нормативтік құқықтық акітілерінің жобалары жария талқыланды.

         Жалпы Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 27 отырысы өтіп, 9 мемлекеттік органдар  басшыларының есептері тыңдалып, талқыланды.

Жалпы ақпарат

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің құрамы.   

         Панфилов аудандщық Қоғамдық кеңесі 25 мүшеден құрылған, олардың ішінде: 7 коммерциялық емес үйымдардың, 11 өзін өзі ұсынған және 6 мемлекеттік органдардың өкілдері.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің Ережесі:

         Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесі туралы Ереже Панфилов аудандық  мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі  № 6-2-10 шешімімен бекітілді.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің төралқасы

         Қоғамдық кеңес қызметіне оның отырыстары арасындағы кезеңде басшылықты 7 адамнан қалыптастырылған Қоғамдық кеңес төралқасы атқарады. 

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің комиссиялары:

         Панфилов аудандыө  Қоғамдық кеңесінің құрамында келесі комиссиялар қызмет атқарады:

  1. Бюджет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылықты сақтау мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы –   Жазылбекова Несіпхан Әбдірешқызы  

  1. Аграрлық сала, орта, шағын бизнесті қолдау, жер қатынастары, ветеринария, табиғатты пайдалану және экология мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Илямов Хусаин Мұталипұлы

  1. Әлеуметтік саланы дамыту, еңбекпен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, жастар саясаты, этнос және дін аралық қатынастар мәселелері бойынша комиссиясы;

Комиссияның төрағасы – Тұрғанов Шәріпхан Нұржанұлы

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің қызметі Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылып, ашық дауыс беру жолымен бекітілетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі:

         Панфилов аудандық  Қоғамдық кеңесінің толыққанды қызметін қамтамасыз ету үшін Панфилов аудандық  әкімдігінің ғимаратында Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңеске қызмет ететін төралқасына арналған 1 кабинет берілген.

Панфилов аудандық

Қоғамдық кеңестің төрағасы

Оспанов А.А.

Пікірлер қалдыруы жабылған.