Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Рухани жаңғыру экономикамен өзектес

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре- зиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аталатын мақаласы «Еге- мен Қазақстаннан» бастап, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы оның айрық- ша маңыздылығын айқындайды. Ұлтымыздың тарихындағы жаңа белес, жарқын жаңалық. Мен Елбасының бірінші кезекте қазақтың қамын ой- лаған бұл еңбегін түгел оқып шыққаннан соң, алдымен ұжымыма таныстыруды көздеп, жиналыс жасадым. Ризашылығымды айтуға тиіспін, олар да онымен таныс болып шықты. Мақалада негізінен рухани жағынан оянуымыз, қайта түлеуімізге басымдық берілгеніне қара- мастан, біздің салаға да жүктелер салмағы зор екі тұс бар. Мәселен, ең алдымен бәсекелестікке қабілеттікке айрықша көңіл бөлген. Халқымыз үшін бұл — ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алды. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді — соның жолы болады. Байлыққа, табысқа сол кенеледі. Соның жұлдызы оңынан туады. Ал, бәсекелестікті экономикалық дамудан бөліп қарай алмайсың. Қайсы мемлекеттің қал- тасы қалың, қаржысы көп, әлемде соның билігі басым. Америка Құрама Штаттары, Ресей, Қытай тауарларының да халықаралық рыноктарда өтімділеуі сол капиталдың арқасы. Осыны көрегенділікпен білген Ұлт Көшбас- шысы экономикасы дамыған елу елдің қатарына қосылуды жарқын болашақтың алғы шартына балады. Арада ұзақ уақыт өткен жоқ, қиындықтың біразын артқа тастаған Қазақстанды мықты мемле- кеттер отыздығынан көргісі келетінін жария етті. Одан соң биыл «Қазақстанның үшінші жаңғы- руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» аталатын Жолдауын жариялады. Оны да қарамағымдағы қызметтестерімізбен талқылап, бізге қойылар міндеттің мерейлілігін түсіндік. Өйткені, ол кісі ең алдымен экономикамыздың нығаятынына сенді. Ал, мұнда, біздің Мемлекеттік кірістер басқарма- сының да өзіндік үлесі бар. Ұлт Көшбасшысының: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басында халыққа арнаған Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағыты- мыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қа- тарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлаға- нымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз, — дей келе, — Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғы- рып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», — дейді. Экономикада кіріс болмау ғана емес, азайып кетуі де күйреуге әкеледі. Сол себепті Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын- да экономиканы назардан тыс қалдырмаған. Бұл орайда салық және бюджетке өзге де төлемдер төлейтін азаматтар мерзімінде есептесіп отырса тіптен жақсы.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

Бөлімінің басшысы Абдрахманова Г.

Пікірлер қалдыруы жабылған.