Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 540
  • Week Visit: 23  761
  • Month Visit: 111  050
  • Years Visit: 862  847
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_6133 IMG_6147 IMG_6156 IMG_6167

Әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкім Т.Бектасовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Әкімдік мәжілісіне мекеме, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, мамандар, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің жұмысы туралы» және «Панфилов ауданында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы» аудан әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 76 қаулысының орындалу барысы туралы» екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов баяндама жасап, персоналды басқару қызметі бөлімшесі жұмысындағы оңды нәтижелермен қатар бірқатар кемшіл тұстарды да атап өтті. Атап айтсақ мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда – «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде кемшілікке жол берген мекемелер сынға ұшырап, тәртіптік жазаларды қолдану, оны мерзімінен бұрын алу бойынша нақты түсініктемелер берілді.

Бірінші мәселе бойынша қосымша баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Д.Төреханов Әдеп кодексін, әдеп жөніндегі уәкілдің функциясын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ өз баяндамасында ақпараттық қауіпсіздікке, әлеуметтік желілерді, блог-платформаларды, мобильді мессенджерлерді пайдалану, форумдарда, комментарийлер жазуға, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлыққа, қызметтік автокөліктерді пайдалануға қатысты және т.б. шектеулер туралы айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Р.Магрупова сөз алып, Панфилов ауданында діни экстремизмге және терроризмге қарсы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша да әкімдіктің қаулысы қабылданды.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру

бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған