Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 17  342
  • Week Visit: 50  197
  • Month Visit: 119  016
  • Years Visit: 651  667
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Т. А. Бектасовтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтауы

 Ардақты аналар!

Қадірменді қыз-келіншектер!

Картинки по запросу 8 наурыз открытка Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттер атап өтетін бұл мерекені тойлаудың біздің еліміз үшін де маңызы зор. Өйткені, әйел – өмірдің мәні, сұлулықтың сәні, отбасының шуағы, берекенің бұлағы.

  Көрікті көктемнің алғашқы күндерінің  осындай салтанатпен басталуының өзіндік ерекшелігі бар. Табиғат тіршілігінің бастауын көктемнен алса, адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балап, ерекше құрметтеген. Елін қорғар алыпты ғана емес, тұтас халықты да қалыптастыратын Ана парасатына қашанда бас иген.

Тағылымды тарихымыз батыр аналар мен ержүрек қыздарға кенде емес. Ұлы Дала елінде ұрпақ мақтанышына айналған көптеген  ұлағатты аналар өткен. Олардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «кез келген мемлекеттің жеткен биігі оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді» – деп атап көрсеткен болатын. Еліміз егемендік алғалы әйелдер қауымының қоғамдағы алар орны мен мәртебесі артпаса ешқашан кеміген жоқ.

Баршаңызға белгілі, ауданымызда 127 мыңнан астам халық болса, оның 62 мыңнан астамы әйел азаматтар. Олардың ішінде жанға дауа болар – дәрігерлер, ұрпақ тәрбиелеген – ұстаздар, ел экономикасын еселеп жүрген –кәсіпкерлер, бейнетінің зейнетін көріп отырған – ардагерлер де бар.

Жазиралы Жаркенттің қыз-келіншектері қашан да еселі еңбектің алдыңғы қатарынан көрініп, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуде.  

Сіздер адал жар, қамқор ана ғана емес, сонымен бірге білімді басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы ретінде заман талабына сай қызмет атқарып, қоғам жүгін қайыспай көтеріп, Тәуелсіз қазақстанның тұғырын биіктету ісіне де белсенді атсалысып келесіздер.

Халқымызда «Қыздың қырық шырағы бар» деген аталы сөз бар. Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс әкелсін!

Ардақты аналар, құрметті қыз-келіншектер!

Сіздерді ауданның ер-азаматтар атынан тағы да бір рет мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық  тілеймін!  Әрқашан гүлдей жайнап, күндей құлпырып жүре беріңіздер!

Мереке құтты болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған