Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 569
  • Week Visit: 27  181
  • Month Visit: 97  800
  • Years Visit: 701  809
  • Total Page Views: 7

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_6190IMG_6202

Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және электронды мемлекеттік қызметтерді  тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Панфилов ауданында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесіне сәйкес аудан әкімі аппараты мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп 6-7 наурыз күндері Басқұншы ауылдық округінде оқыту семинарлары болды.

Бірінші семинар Басқұншы ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің, келісім-шарт бойынша қызметшілердің қатысуымен өтсе, екінші семинар Алмалы ауылындағы Елтінді батыр орта мектебінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Семинар жұмысында слайдтар, «Электронды үкімет порталына» тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер көрсетілді. Семинар барысында барлығы 35 адам қамтылды.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.