Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг
  • Хорошо 57%, 85 голосов
    85 голосов 57%
    57% от всех голосов
  • Удовлетворительно 23%, 34 голоса
    34 голоса 23%
    23% от всех голосов
  • Плохо 20%, 29 голосов
    29 голосов 20%
    20% от всех голосов
Всего голосов: 148
20.04.2015
Отправить

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 920
  • Week Visit: 39  108
  • Month Visit: 111  671
  • Years Visit: 699  164
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Бүгін біз Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін заң актілеріне енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты ұсынамыз:

  1. Маңызды өзгерістердің бірі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау методикасының өзгеруі, яғни зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күн көріс деңгейінің 54% – 15274 теңге мөлшерінде алады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы:

1) Азаматтар жалпы зейнеткерлік жасына жеткен кезінде ғана (63- ер адамдар, 58,6/63- әйел адамдар);

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз көп балалы аналарға 53 жасқа толғанда ынтымақты және базалық зейнетақы да тағайындайтын болсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста тек ынтымақты зейнетақы тағайындаймыз, базалық зейнетақы кейін төленетін болады.

2) зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты;

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі келесідей болады:

Егер азамат жұмыс істесе және БЖЗҚ-на тек 10 жыл бойы аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған біз төменгі күн көріс деңгейінің 54% мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындаймыз, бұл бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне тең. Бұндай жағдайда азамат қосымша ақы алмайды.

10 жылдан асқан әр 1 жыл еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 74%, 30 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 94% құрайтын болады. Сонымен қатар, заң бойынша 33 жыл немесе одан да көп жыл еңбек етсе базалық зейнетақының мөлшері төменгі күн көріс деңгейінің 100% құрайтын болады.

  1. Қолданыстағы ережеге сәйкес, мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, тек бала 18 жасқа толғанға дейінғана, айлық жалақының 1,05 көлемінде төленеді (2018 жылы 29 699 теңге).

Аталған төлем 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеу кезеңіне қажетті қосымша көмек ретінде ендірілген, яғни балаға білім беру, оның осы кезеңде физикалық тұрғыдан жедел дамуына байланысты тамақтандыру, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін ата-анасының шығынының өсуіне байланысты.

Дегенмен, мүгедек-бала кәмелеттік жасқа жеткенімен ол ата-анасының көмегіне мұқтаж болып қала беретінін ескерген жөн.

Осыған байланысты, Елбасы өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында Үкіметкекәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төлемін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ендіруді тапсырды. Қарастырылып отырған жәрдемақының осы түрін шамамен 392 отбасы алатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы

«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы»

департаментінің Панфилов аудандық бөлімшесі

Пікірлер қалдыруы жабылған.