Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 567
  • Week Visit: 27  179
  • Month Visit: 97  798
  • Years Visit: 701  807
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_6457 IMG_6447 IMG_6461 IMG_6472

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазіргі кезде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру әр мемлекеттік органның басты назарында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесін өзара келісіп бекіткен. Кестеге сәйкес Панфилов ауданы тұрғындары арасында да мақсатты жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ 16 наурыз күні аудан әкімі аппараты мен Алматы облысы бойынша ХҚКО департаменті Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Талды ауылдық округінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде оқыту семинарлары болды.

Бірінші семинар Лесновка ауылындағы Талды ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің, келісім-шарт бойынша қызметшілердің қатысуымен өтсе, екінші семинар Рақышов орта мектебінде, үшінші семинар Еңбекші ауылындағы Еңбекші орта мектебінде, төртінші семинар Нағарашы ауылындағы Нағарашы орта мектебінде ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Семинар жұмысында слайдтар көрсетіліп, «Электронды үкімет порталына» тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер берілді. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Семинар барысында барлығы 110 адам оқытылды.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.