Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 414
  • Week Visit: 11  808
  • Month Visit: 39  837
  • Years Visit: 564  993
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ардақты ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары!

nauryz_2Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Байырғы жыл қайыру дәстүрі бойынша жаңа жыл болып саналатын Наурыз айы халқымыз үшін қастерлі мереке. Бұл мейрам – біздің ұлттық рухымызды көтереді. Салт-дәстүрімізді жаңғыртады. Халқымыздың достығын нығайтады.

Бұл күні әр үйде ақ дастарқан жайылып, жеті түрлі дәмнен Наурыз көже жасалады. Алыс кеткен ағайын қайта кездесіп, татуласады. Адамдар бұлақ көзін ашып, тал егеді.

Жыл басы Наурызбен бірге даламызға шуақты көктем келеді. Күн мен түн теңелетін осы мезгілді жасампаз жұртымыз Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. 

«Ырыс алды — ынтымақ» дейді дана халқымыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың татулықты ту еткен көреген саясатының арқасында мемлекетіміз жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің экономикасы қарқынды дамып, Тәуелсіз Қазақстан бүкіл дүниеге танылды.

Халықтар достығы – біздің баға жетпес байлығымыз. Өздеріңізге белгілі, ұлан-байтақ қазақ даласында жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. 

Соның ішінде біздің жазиралы Жаркент жерінде де қазақ халқымен қатар қырыққа жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен етеді. Олардың барлығы бір атаның баласындай еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде еліміз тыныш, еңбегіміз жемісті. Ендеше, осы бірлігіміз арта берсін, ағайын! 

Әр күніміз мерекелі, әр ісіміз берекелі болсын! Көк туымыз көкте желбіреп, тәуелсіздігіміз нығая берсін! Қазақ елі «Мәңгілік Ел» болсын!

Қадірменді ағайын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! баршаңызға мықты денсаулық, табысты еңбек, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Көрікті көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа жақсылық әкелсін!

Құрметпен, Панфилов ауданының әкімі Бектасов Темірлан Амангелдіұлы

Пікірлер қалдыруы жабылған.