Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 567
  • Week Visit: 27  179
  • Month Visit: 97  798
  • Years Visit: 701  807
  • Total Page Views: 5

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер туралы

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өткізілді

Жаркент, Қазақстан

2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасы өткізілді. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.

Ашық есік күні шарасына қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері мен алға қойылған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгімеледі.   

Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым паш етілді. Онда зейнетақы заңнамасына енгізілген және болашақта енгізілетін өзгерістер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлімет берілген.  

Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлері  қатысушыларға аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгендігін атап көрсетті.     

«Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу, түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесілі. Өйткені, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді», – деді Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының басшысы Түгелбаев Ерназар Зәкірұлы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шарасын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Бұл күні кез келген ниет білдіруші азамат Қор тарапынан көрсетілетін қызметтерді алып қана қоймай, Қордың қызметі мен зейнетақы жүйесі туралы қызықты мәліметтер ала алады.  

Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығында өткізілген іс-шараға шамамен 95-қала (аудан) тұрғыны қатысты. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің айтуынша Ашық есік күні өте қызықты болды.«Мен зейнеткермін. Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістердің зейнеткерлерге немесе зейнеткерлік жасқа жаңадан толатын азаматтарға қаншалықты қатысы бар екендігі жайлы пайдалы ақпарат алдым. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының өсетіндігі мені қуантады» –  деді ол.

Шараға қатысушы әйелдердің бірі әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасының кезең-кезеңмен ұлғаятындығына түсіністікпен қарайтындығын жеткізді. «Бұл мен үшін Қордағы зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше болашақ жиынтық зейнетақымның мөлшері арта түседі» – деді ол.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Пікірлер қалдыруы жабылған.