Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 414
  • Week Visit: 11  808
  • Month Visit: 39  837
  • Years Visit: 564  993
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

IMG_6661IMG_6646

Әкімдіктің кезекті отырысы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Т.Бектасов ашып, жүргізді.

Әкімдік мәжілісінің жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Панфилов ауданында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы», екінші мәселе «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықтың орындалу барысы туралы». Бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев баяндама жасап, ауданның білім беру саласында кемшіліктерді саралай келе, 2016-2017 оқу жылында төмен көрсеткіштер берген мектептерді атап өтті. Әкімдік мәжілісі барысында ҰБТ қорытындысы бойынша  төмен көрсеткіш берген мектептердің бірі ретінде Крупская атындағы орта мектептің директоры З.Ниязова сөз алып, кемшіліктер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерден «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі С.Жолдасова сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарға, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып өтті.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық бойынша тоқталып өтті. Сонымен қатар көп балалы аналарды наградаға ұсыну кезінде кемшіліктерге жол берген ауылдық округтерді атап өтті.

Әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.