Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

Бұл қызмет түрін онлайн алу түрде “электрондық лицензиялау” www.elicense.kz порталында немесе мемлекеттік органда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да алуға болады.

Ол үшін egov.kz порталына кіріп, “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасынбасасыз, одан кейін жаңа терезеде “электрондық лицензиялау” порталы ашылады. Әрі қарай “электрондық лицензиялау” порталында тіркелсіз.  “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басқаннан кейін ашылған “Электрондық лицензиялау” порталының парағында “Өтініш беру” сілтемесі бойынша өту арқылы өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ-бен қол қойыңыз.

Берілген өтініш мәртебесін “Менің өтініштерім” тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы “Менің рұқсат құжаттарым”  тарауынан, хабарлама алу туралы – “Менің хабарламаларым” тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алу үшін төмендегі құжаттарды тапсырасыз:  

  • Өтініш.
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжат.
  • Іздестіру жұмыстарын жүргізу аймағының жоспары (сызбасы).
  • Іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырмасының көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру қағаз тасымалдағыштағы немесе электрондық түрде, немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебтерін көрсете отырып уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

Бұл қызмет түріне қатысты барлық сұрақтар бойынша Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131 ғимарат (1-қабат) мекенжайында орналасқан «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолығуға болады. Бөлім басшысы -Дүйсенов Болатбек Өскенбайұлы. Байланыс телефондары: 8(72831) 51136.

Панфилов ауданы ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.