Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 565
  • Week Visit: 27  177
  • Month Visit: 97  796
  • Years Visit: 701  805
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

Электрондық форматта «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызмет ғана қолжетімді.

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» қызметін мемлекеттік орган арқылы алу  үшін келесі құжаттарды өткізеді:

Бала асырап алуды тіркеу үшін:

  • Өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжаты.
  • Бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін.
  • Баланың туу туралы куәлікті.
  • Асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген жағдайлардан басқа).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты.
  • Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін).
  • Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты. Шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады.

Бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:

  • Өтініш.
  • Туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтама.
  • Бала асырап алу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтама.
  • Бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін.
  • Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды.

    Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі – бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы  қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Осы қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Головацкий көшесі ХҚКО ғимаратында орналасқан АХАТ қызметіне жолығуға болады. Жауапты бас маман – Қуатова Гүлбақыт Камалқызы, байланыс телефоны: 8(728131) 50105.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.