Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті  мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алуға болады. Қызметті алу үшін келесі құжаттарды өткізу қажет:

  • Өтініш.
  • Медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат.
  • Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі.
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Қайтыс болу туралы акт жазбаның тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша  тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда).
  • Сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
  • Қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (бар болса).
  • Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.

Қайтыс болу туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • Өтініш.
  • Қайтыс болу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама.
  • Өгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар.
  • Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта  куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы  қайталама куәлік (анықтама).

Қызмет көрсету нәтижесі – бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы  қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Осы қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Головацкий көшесі ХҚКО ғимаратында орналасқан АХАТ қызметіне жолығуға болады. Жауапты бас маман – Қуатова Гүлбақыт Камалқызы, байланыс телефоны: 8(728131) 50105.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.