Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

Азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат.
  • Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы.
  • Көрсетілетін қызметті алушының және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян.
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі не еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса – оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса).
  • Егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса).
  • Көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. мөлшердегі екі фотосуреті.
  • Мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.

     Қосымша келесі құжаттардың көшірмелері ұсынылады (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген азаматтық хал акт жазбаларын мемлекеттік тіркеу жағдайларынан басқа):

  • Егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі.
  • Егер балалары бар болса, баларалрдың туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
  • Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі.
  • Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (егер бар болса).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті  алушы мыналарды ұсынады: 

  • Өтініш.
  • Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  • Мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
  • Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

Осы қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Головацкий көшесі ХҚКО ғимаратында орналасқан АХАТ қызметіне жолығуға болады. Жауапты бас маман – Қуатова Гүлбақыт Камалқызы, байланыс телефоны: 8(728131) 50105.

Ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.