Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 414
  • Week Visit: 11  808
  • Month Visit: 39  837
  • Years Visit: 564  993
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін аудандық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

 IMG-20180404-WA0004Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясының ТЭБ қызметкерлерін аудандық ХҚО бөлімдерінде орналастыру туралы шешім ҚРПремьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететін ведомствоаралық комиссияда қабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынғанжаңа жүйенің артықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» Енбекшіқазақ ауданының фронт-офисінде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

Пікірлер қалдыруы жабылған.