Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 22
  • Week Visit: 13  454
  • Month Visit: 54  881
  • Years Visit: 420  199
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

PanfilovAkimat

Panf2015

«Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін қызметтер

1.Тұрақты республикаішілік – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік беру.

2.Ауданаралық  (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық  (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен шолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде (сыртқы) жарнама орналастыруға рұқсат беру.

Жұмыс кестесі:

  1. көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасыының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

Қабылдау сағат 9.00-ден бастап 17.30-ге дйін түскі үзіліспен 13.00-дан бастап 14.30-ге дейін көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерде, алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге не Мемлекеттік корпарацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап-5 (бес) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)  және (немесе) қағаз түрінде.

Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары  бөлімінің бас маманы М.Тажиев

 

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың қазан айының 27 күні Алматы облысы Панфилов  ауданы Басқұншы ауылдық округі, Бірлік ауылдық округі, Талды  ауылдық округі ,Сарыбел ауылдық оругтерінде халыққа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің  жаңа форматы туралы түсіндірме жиын өткізілді.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы А.Ж.Жақыбай, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы к.м.м директоры  Қ.Т.Аширжанов, Басқұншы, Бірлік, Талды, Сарыбел ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту мамандары, консультанттар, ассистенттер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ж. Жақыбай және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Т. Аширжанов, ассистент, консультанттар, спикерлер жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілу тәсілдері туралы халыққа түсіндірді.

Сонымен қатар, жиында ауыл тұрғындары өздерінде туындаған сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарға жауап ала алды.

«Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қоныс тойы тойланды

нуркнет 3 нуркент 2 (2) нуркент 1 IMG_4214

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Естебекұлы Байжанов Пенжім ауылында салынған 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті. Аталған нысан Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту (2015-2016 жылдары облыстық бюджеттен 830,0 млн.теңге бөлініп, игерілді) және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламалары (2017 жылы толығымен пайдалануға беру үшін облыстық бюджеттен 42,9 млн.теңге бөлініп, игерілді) аясында салынды. Құрылыс жұмыстары мердігер ұйым «New Construction» ЖШС жүргізді. Құрылыс 2015 жылдың 28 қыркүйегінде басталып,  2017 жылы аяқталды. Тұрғын үйлердің – 120 пәтердің жалпы алаңы – 6,3 мың шаршы метр. Тапсырыс беруші – «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жаңа қоныс иелерін Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов құттықтағаннан кейін қоныс иелері, зейнеткер Ж.Райымбекова, Панфилов  облыстық жетім және ата-ана қомқорлығынан айырылған балаларға арналған көмекші мектеп-интернатында тәрбиеленген А.Соловьева халықтың әлжуаз топтары болып табылатын мүгедектерге, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, көп балалы отбасыларына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық үшін өздерінің және жаңа қоныс иелерінің атынан алғыс айтып, жаңа баспанаға қол жеткізген қуаныш иелерін бүгінгі шаттыққа толған күнмен құттықтады.

Ақ бата беріліп, жаңа үйдің лентасын салтанатты түрде қиғаннан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов, аудан әкімі Б.Абдулдаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Шоқпаров, ауданның бас имамы Ұ.Сарпеков және салтанатты шараға қатысқан қонақтар көп балалы отбасы Үміт Бекболаеваның шаңырағындағы дастарханнан дәмін татып, ақжарма тілектерін білдірді. Мереке соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шараға қатысушы қонақтар мен қоныс иелерін қуаныш пен шаттыққа толы концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Коммуналдық тұрғын үйден кезек бойынша пәтер берілгенде халықтың әлжуаз топтарының барлық санаты – көп балалы, мүгедек бала асырап отырған және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері,  жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар қамтылды.

Теткусизова С.М.

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың қазан айының 27 күні Алматы облысы Панфилов  ауданы Басқұншы ауылдық округі, Бірлік ауылдық округі, Талды  ауылдық округі ,Сарыбел ауылдық оругтерінде халыққа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің  жаңа форматы туралы түсіндірме жиын өткізілді.

Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы А.Ж.Жақыбай, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы к.м.м директоры  Қ.Т.Аширжанов, Басқұншы, Бірлік, Талды, Сарыбел ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту мамандары, консультанттар, ассистенттер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ж. Жақыбай және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Т. Аширжанов, ассистент, консультанттар, спикерлер жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілу тәсілдері туралы халыққа түсіндірді.

Сонымен қатар, жиында ауыл тұрғындары өздерінде туындаған сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарға жауап ала алды.

«ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» (ХҚКО)

Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою

  1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге:

      1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдаған;

      2) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі электронды ақпарат жеткізгіш жоғалған;

      4) кілті бар контейнерлі электронды ақпарат жеткізгіш жұмыс істемейтіндей болып бүлінген жағдайларда құқылы.

  1. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушінің салық органымен осы бапта белгіленген жағдайларда хабарламаның кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.
  2. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
  3. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз салық төлеушіні мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды.
  4. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:

      1) салық төлеушіні соттың заңды күшіне енген үкімі не қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда – салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;

      2) салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде салық органы соттың шешімін алған күнінен бастап;

      3) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап жүргізеді.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Сулейманов С. А.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

  1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретіндетіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
  2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.

      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады.

  1. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

Панфилов ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

  бас маманы Сулейманов С. А.

МЕМЛЕКЕТТІК ДЕРЕКТЕРДІ МӘТІНДЕГІ ТІРКЕУ МӘЛІМДЕМЕСІНІҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША

Салық кодексінің 563-бабына сәйкес салық қызметі органдары резидент заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізеді және толықтырулар енгізеді. Салық кодексінің 563-бабына сәйкес салық қызметі органдары резидент заңды тұлғаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізеді және толықтырулар енгізеді. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне негізделген.

    Резидент заңды тұлғаның басшысы, оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы ақпараттың өзгеруі заңды тұлғаның бас директорды тағайындау туралы жалпы жиналысының шешімі қосымшасында тіркеу үшін салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады. Салық төлеушінің тіркеу деректеріндегі өзгерістерді салық органы тіркеуге салықтық өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды. осы ақпараттарды өзгертудің белгіленген тәртібі мен мерзімдері Мемлекеттік қызмет стандартында да қарастырылған

Панфилов ауданы бойынша МКБ

бас маманы  Мажибаев Е.