Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 22
  • Week Visit: 13  454
  • Month Visit: 54  881
  • Years Visit: 420  199
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сайлау-2016

Кездесу кестесі

Кездесу кестесі

КАНДИДАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-тармағына сәйкес мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға депозит ретінде жарна енгізу үшін «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде KZ730705031221016002 шотының ашылғандығын хабарлаймыз.

Аудандық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуі туралы 2016 жылғы 22 қантардағы № 5/88 қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуі туралы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық  сайлау процесіне қатысушыларға үндеуінің (бұдан әрі – Үндеу) мәтіні бекітілсін. 

2. Осы Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

 

Төраға                                                                                  Қ. Тұрғанқұлов

Хатшы                                                                                  Б. Мелдешов

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 22 қантардағы № 5/88

қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

ҮНДЕУІ

2016 жылғы 20 наурыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. 27 қаңтардан кешіктірмей, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Егер Сіз өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз, Сіз 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Өзіңіздің елді мекеніңізден тысқары жерге кететін жағдайда, Сіз 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде алып, кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз. Бір елді мекеннің шегінде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктері берілмейді.

4 наурыздан бастап Сізге өзіңіздің сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі беріледі.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі 

Егер сайлау күні Сіз денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын ауданда болғандықтан, сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш жасауға құқылысыз.

Өтініштер 20 наурыз күнгі сағат 12:00-ге дейін  қабылданады.

СІЗДЕРДІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес қаулы етемін: 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

 

             2016 жылғы 20 қаңтар                      №3/82                              Астана қаласы 

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Консти­туция­лық заңының 12-бабы 14) тармақ­шасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді:

  1. 2016 жылғы 20 наурызға Қазақ­стан Республикасы мәслихаттары депу­тат­тарының кезекті сайлауы тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құ­ралдарында жариялансын.

 

Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ 

Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ

 

 

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Күнтізбелік жоспар

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары туралы мәлімет

Панфилов ауданы бойынша аудандық сайлау комиссиясының құрамы

 

         Орталығы: Жаркент қаласы, Розыбакиев атындағы көше, 22 Панфилов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, тел. 53869

         Комиссия  төрағасы – Темірбаев Нұрлан Нұрғалықұлы

         Комиссия  төрағасының  орынбасары -Шайдилдаев Серік

         Комиссия  хатшысы-Нұралинова Күлбан Нұртайқызы

         Комиссия  мүшелері-Көшербаева Жадыра Ержеңісқызы, Валиев Аюпжан,  Дәуренбеков Ернар Жапарұлы, Мұсабеков Қуандық Тұрлығазыұлы