Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаңалықтар

Жетісудың тур-фирмалары құшағын кеңге жайды

Алматы облысы Қазақстандағы туристік ағымның үштен бірін алады. Оның бір көрінісі,  өңірге келетін туристер санының жыл сайын 20-30% – ға артуында.  Облыстың Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жылдың қорытындысына сәйкес, аталған салада көрсетілген қызметтердің көлемі 9 миллиард теңгені құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 миллиард теңгеден асып түседі деп күтілуде. Осыған сәйкес, Жетісулықтар осы нәтижені одан әрі жақсарту үшін әр аймақта В2В форматында кездесулер ұйымдастыруда. Workshop форматындағы кезекті шара Маңғыстау облысында өткен.
Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады. 2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион адамды құрады. Алайда,  Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тоқталып қалмай, өңірге  одан да көп туристерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Маңғыстау облысында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында  «Zhetysu Travel-2018» атты форумын ұйымдастырды.
Аталған, іс-шарада бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды.

“Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. “Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

“Samǵaý-2018”: Жетісудың үздік БАҚ өкілдері марапатталды

Талдықорғанда, «Самғау» –  журналисттер жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Жылдың басты сыйлығы саналатын байқауда, 11 наминация бойынша 143 материал қабылданған.
Салтанатты шара, мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған.
Үздік  деп танылған БАҚ өкілдерін  облыс әкімі Амандық Баталов марапаттар алдында, барша кешке қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап өтті

Панфилов ауданы балабақшамен 99,5 пайызға қамтылды

Тұңғыш Президент күніне орай, Алматы облысы, Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округінде жаңадан 150 орынды «Айналайын-Ай» балабақшасы ашылды.
Білім ордасының лентасын қиған аудан әкімі Темірлан Бектасов, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін, бүгінгі бүлдіршін – еліміздің ертеңгі тірегі, бақытты болашағымыздың кепілі екенін жеткізіп, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Айналайын-Ай» балабақшасында 6 ойын бөлмесі, 6 жатын орны, сондай-ақ, асхана, мейірбике, психолог, денешынықтыру және музыка кабинеттері жұмыс істейді. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар, «Қуыршақ театры», қолөнер үйірмелерін жүргізуге арнайы мамандар тартылған.
Аталмыш балабақша Тұрсын Кончибаеваның “Балапан” бағдарламасы аясында ашып отырған үшінші балабақшасы .
«Қазіргі уақытта ауданның 350 баласын балабақшамен қамтып, 120 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Елбасымыздың халқымызға жасаған ерен еңбегінің арқасының құрметіне Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы мектепке дейінгі білім мекемесін ашуды әдейі жоспарладық» – дейді ол.

Айта кету керек, бұл Панфилов ауданы бойынша ашылған 38-ші балабақша.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Райкүл Қарабалаеваның айтуынша, бүгінгі таңда аудан балабақшамен толықтай дерлік қамтылды. 
«Панфилов ауданында 10 мемлекеттік, 28 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды. 2018 жылы 8 балабақша ашу жоспарланған. Жоспар толық орындалып, балабақшамен қамту 99,5 пайызды құрап, 5413 бүлдіршін тәрбиеленуде» – деп қорытындылады ол. 

Панфилов ауданы әкімінің

баспасөз хатшысы  Нұрбол Ханағат

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың 1 қаңтарында мынадай:

Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтау үшін, мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеу мақсатында Салық органдарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін бағытталған жұмыстар атқарылып отырады.

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» деген болатын. Сонымен қатар «Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз» деді.

Шынында да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күресті мемлекеттік органдар да өз беттерінше жүргізуде. Енді тек жұмыла күресу керек. Әйтпесе сыбайластыққа көз жұмып, жемқорлыққа жол берген қоғамда эко-номика мәселесінің шешілуі қол жетпейтін арман болып қана қала бермек. Коррупция мемлекеттің экономикалық дамуына, әр азаматтың заңға деген сеніміне кері әсерін тигізеді. Бұл қазіргі қоғам проблемасы болып табылады.

Сол себепті мемлекеттік кірістер басқармасында да жемқорлықтың жолын бөгеуге бағытталған бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда.

Оған дәлел ретінде азаматтардың заңды құқықтары қорғану, қоғамның сенімін арттыру және де басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында, «Сенім телефоны», сондай-ақ ҚР ҚМ МКК сайтында «Электронды шағым кітабы» жұмыс жасайды және Мемлекеттік кірістер басқармасының 1 қабатында салық төлеушілердің ұсыныстары мен шағымдарына арналған арнайы жәшік орнатылған. Сенім телефонына, салық төлеушілердің ұсыныстары мен шағымдарына арналған жәшікке және ҚР ҚМ МКК сайтындағы электронды шағым кітабына түскен барлық хабарламалар арнайы журналға тіркеліп, бақылауға алынып, ҚР заңында көрсетілген талаптарға сәйкес қаралады.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13б.2т. және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9б.1,4т. сәйкес мемлекеттік қызметке үміткерлер әкімшілік мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін жеке табысы және мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері мен олардың жұбайлары

меншіктеріндегі жеке табысы және мүлкі туралы жыл сайын мерзімінде декларация тапсыруы қатаң бақыланады.

Бір сөзбен айтатын болсақ, аталған заңнамалармен мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер қойылғандығын ұмытпауымыз керек және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, оның алдын алуға барлығымыз жеке жауапты екенімізді түсінуіміз қажет. Осы жағдайда ғана жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар өз нәтижесін береді.

А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату Салық кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:

1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын; 4) Салық кодексінің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;