Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаңалықтар

Қазақстандықтар онлайн мемлекеттік қызметтерге бетбұрды

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 6,3 млн электронды цифрлық қолтаңба берілді. Электронды үкімет порталының қызметтерін онлайн алуға мүмкіндік беретін кілт иелерінің белсенділігін ХҚО-ға келушілер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай ішінде мемлекеттік корпорация тарапынан 24,4 млн қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтерді өз бетінше алғандардың үлесі 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді.

 «Халықтың цифрлық сауатының артуына былтыр барлық облыстарда ашылған Цифрлық қызмет көрсету орталықтары әсер етті деп ойлаймын. Біз ол орталықтарда электронды үкімет порталын пайдалануды үйрететін курстар ұйымдастырдық. Қызметкерлеріміз әр облыс, қала, аудандарда 73 мың семинар-лекция өткізіп, электронды қызметтерді алуды үйренгендерге 1,3 млн сертификат табыстады», – дейді басқарма төрайымы.

Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелігі – «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының болуында. Бұл – фронт-офис қызметін трансформациялау тұжырымдамасы аясында енгізілген жаңашылдық. Оған сәйкес фронт-офистің 60% – өзіне-өзі қызмет көрсету, 40% – операторлар қызмет көрсететін аймақтан тұрады. Биыл еліміздегі барлық «Connection point» секторында 13 млн-нан аса азаматқа түсіндірме-кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 млн артық көрсеткіш.

    Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ көшпелі акциялар ұйымдастырып, әскери бөлім, емхана, мемлекеттік органдар қызметкерлерін оқытып, колледждер мен ЖОО студенттеріне egov.kz-пен жұмыс істеуді үйретті.  

Жоспар бойынша 2020 жылы тағы бір цифрлық ХҚО Алматы қаласында ашылады, ал egov.kz-пен жұмыс істеу дағдыларын 1,4 млн азаматқа үйрету көзделіп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Мобильді азаматтар базасына тіркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.

Ұялы телефон көмегімен бірқатар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі жөнінде бүгін Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып берді.

Бүгінде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердің есебінде болмау, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегін брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған.

Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 28 қызмет қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік беріп отыр. 1,5 айдың ішінде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халық ыңғайлығы үшін сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндігін жасадық. Кейбір анықтамаларды не бәрі 1 минуттың ішінде алуға болады. Есесіне қаншама уақыт, қаржы үнемделеді. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс», – дейді басқарма төрайымы.

Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметін пайдаланушылар санын арттыру үшін әр ХҚО-да мобильді тіркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тіркеп, бірден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетеді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

Достар, жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін білесіз. Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз. 📲

✅  Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бірретік құпиясөз арқылы кіріңіз;

✅ Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;

✅ Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.

Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі.

Бәрі өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз😉

 #oqytoqy

“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  

     “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі  № 174 бұйрығын мен бекітілген.

 “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

       Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

  • құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
  • үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.

      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Тауарлардың электрондық саудасы

            Салық кодексінің нормаларына сәйкес, тауарларды электронды түрде  сату саласында қызметін іске асырушы салық төлеушілер жекелеген  қызмет түрлерін  іске асырушы салық төлеуші түрінде тіркеу есебіне тұруы керек.

Бұл ретте жекелеген қызмет түрлерін – тауарлармен электрондық сауда жасауды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама жеке қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсынылады.

Қазіргі уақытта жекелеген қызмет түрлерін – уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын және тауарларды электрондық сатуды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама  БСАЖ АЖ-де, сондай-ақ “Е-лицензиялау” мемлекеттік деректер базасында іске асырылды .

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маман С.Сабитов

Электронды тауарларды саудалауды салықтық басқаруға

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген.

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

                                                                                                                                  А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.
Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын  лауазымды және басқа да, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу және болдырмау, олардың салдаларын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді.     
Өз құзіретінің шегінде ұжымдар мен азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, ұжымдардың, мемлекеттік органдардың жұмыстарында заң режиміне қолдау көрсететін, мемлекет қызметіне құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, атқарушы биліктің огандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөлді орындайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының өз функцияларын орындау мүмкіндіктерін босаңсытуға және тиімді қызмет жасауын бұзады. Сондықтан, мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметтің басымды бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау және алдын алу мәселелері болып табылады.
       Мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған атқарылатын жұмыстардың тиімділігі үшін жыл сайын іс-шаралар жоспары әзірленеді және іске асырылады, сонымен қатар тұрақты негізде сенім телефондары жұмыс істейді. Қарастырылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдардың қызметін және қоғамды белсендіреді, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың бостандығын және конституциялық құқықтарын қорғау басымдылығын қамтамасыз етеді.

Панфилов ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

  бас маманы Ибраева М.