Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  145
  • Week Visit: 17  559
  • Month Visit: 56  659
  • Years Visit: 501  211
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» (ХҚКО)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаментінің Панфилов аудандық бөлімінің Мобильді ХҚКО-ның 2017 жылдың 3-тоқсанына арналған кестесі

1 шілдеден бастап Қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі.    2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері       20% – ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың          1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады.

 Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20%-ға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе   86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны туралы ескертеміз. Азаматтарға арналған үкімет МӘМС шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшін деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Барлық көргенде Көз» ХҚКО онлайн режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды

Ахуалдық орталық және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын үздіксіз бақылап отырады.

Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.

Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды.

«Орталық мамандары нақты уақыт режимінде таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін фронт-офистің барлық іс-шараларына бақылау жүргізеді және қажет болған жағдайда, филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел түрде қызметкерлермен  хабарласа алады. Мысалы, егер азаматқа қызмет сапасыз көрсетілген болса, ХҚКО-да тұрып-ақ 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалуына болады, ахуалдық орталықтың мамандары қоңырау шалушыны камера арқылы анықтайды және оны көзбен егжей-тегжейлі бақылай отырып, жедел түрде шағымның мән-жайын анықтап қана қоймай,  қызметтің соңғы нәтижеге дейін жетуін қадағалап, себептерін жою үшін шаралар қабылдайды. Соңғы қайта құрылымдау барысында орталықтың маңыздылығын ескере отырып, біз ахуалдық орталық жұмыскерлерінің санын 20 адамға дейін арттырдық, ал қазір жер кадастры бөлімдерін және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталықтарын бейнебақылауға қоса отырып, ахуалдық орталықты жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Әсемгүл  Балташева.

Егер адам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде оған дұрыс кеңес берілмеді немесе кезек күту уақыты қажетті уақыттан асып кетті, немесе мемлекеттік корпорацияның жұмыскерідөрекілік көрсетті деп санаса, ол 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

«Негізсіз бас тартулар, қызметкерлердің дөрекілік көрсетуі немесе қызметтің ұзақ уақыт көрсетілуі бойынша барлық мәселелерді ахуалдық орталық арқылы тез шешуге болады. Біз мәселені тез арада шешу үшін шаралар қабылдаймыз және бізге келушілер алдағы уақытта қызметті жылдам және сапалы түрде алатын болады. «Кері байланыс» үшін біз әрдайым дайынбыз  және көрсетілетін қызметтерді алуға келген адамдарға қуана көмек көрсетеміз және өзіміздің жұмысымыздың әлсіз жақтарын түсініп, түзетуге тырысамыз, – деді Әсемгүл Балташева.

«Мысалы, жақында көрсетілген қызмет үшін берілген төмен бағаға ренжіген Талдықорған ХҚКО инспекторы клиентке дөрекілік танытып, оған одан әрі қызмет беруден бас тартқан. Байланыс орталығына шағым түсіп, ахуалдық орталықтың қызметкерлері дереу жағдайдың мән-жайын түсініп, әйел азаматқа толық көлемде қызмет көрсетілуін қадағалады. Әрине, кінәлі қызметкер тәртіптік жазаға тартылды», – деп қосты Әсемгүл Серікқызы.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы – бұл қызмет сапасына шағымданудың жалғыз жолы емес. Www.facebook.com/gos.corporation және www.instagram.com/gos_corp әлеуметтік желілерінде «Азаматтарға арналған үкімет» ресми аккаунттары арқылы қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша түскен әрбір шағымға қатысты әр фактіге шұғыл түрде тексеріс жүргізіледі және шағымданған пайдаланушыларға орын алған жағдай бойынша егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Шағымдар мен өтініштер «Азаматтарға арналған үкіметке» Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында Басқарма төрағасының блогы арқылы да түседі, ондағы бір де бір құжат қараусыз қалдырылмайды.

Сонымен қатар ХҚКО-ларға апта сайын ешбір ескертусіз қарапайым қызмет алушылар кейпінде «жасырын сатып алушылар» келіп тұрады. Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мұндай тексерістер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы «осал жерлерді» анықтауға көмектеседі, ол келешекте ХҚКО инспекторларын оқытуға мүмкіндік береді. «Жасырын сатып алушылар» ХҚКО-ларға келген кезде барлық кемшіліктерді тіркеп, ол бойынша егжей-тегжейлі есеп дайындайды, оның негізінде біз фронт-офистердің басшыларына ұсынымдар береміз. Мысалы, кеңес беру кезінде мамандар қандай да бір қызметті көрсету бойынша ақпарат бере алмаса,  менторлар жұмыскерлерге жұмыс орындарында оқыту сабақтарын жүргізеді», – дейді Балташева.

Менторлық институт халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. МенторларғаХҚКО жұмыскерлерінің ішінен  үздіктері таңдалады. Әдетте, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі олардың еңбек жолдары қарапайым өтініштерді беруден басталады, одан кейін жұмыс тәжірибесі мен өтілі арта келе, осы қызметкерлер өз әріптестерін оқыта алатын болады. Бүгінгі күні ХҚКО департаменттерінде 44 ментор жұмыс істейді және жақын арада олардың саны айтарлықтай ұлғаятын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамыныңбаспасөз қызметі

Тел: 8-7172-647-920

«Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтері

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтерін ресімдеу рәсімін жеңілдете отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша жаңа қызметтерді енгізді. Яғни, қайтыс болған адамды тіркету үшін өтініш берген тұлға бір уақытта қайтыс болуды тіркеуге және жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындауға өтініш бере алады.

Ол үшін қызмет алушы Мемлекеттік корпорацияның фронт–офисіне жүгінуі тиіс. Фронт-офис операторы өтініш беру күнін көрсетусіз бір уақытта «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» үшін екі өтініш қабылдайды.

Қайтыс болуды тіркеу және жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау үшін қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжаттар және қайтыс болған адамның жеке куәлігі қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі бір жұмыс күні ішінде беріледі, орындалған құжат әрі қарай жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы анықтаманы рәсімдеуге жолданады.

Бұл ретте, егер қайтыс болған адам осы елді мекенде зейнетақы немесе жәрдемақы алушы болып табылса, онда Е-макет операторы базада өтінішті қалыптастырады. Ол үшін жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжаты, қайтыс болу туралы анықтама немесе куәлік және есепшот нөмірі қажет.

Жерлеуге арналған жәрдемақы сомасы қызмет алушының банктік шотына жерлеуге арналған жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш тіркелген күннен бастап 5-ші жұмыс күні түседі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуіқажет емес. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекенжайын көрсетуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. «Астана, Алматы және Шымкент – жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтардың көптеген саныжүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады», – деді ол.

Ш.Әбділмановқазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО- Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және ОңтүстікҚазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін деайтып өтті.

Жылдың басынан бастап 137 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.

Ақпараттық хабарлама

МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған: 

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойынша миллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

img_1366Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет – бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы – бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы – әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді – ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» – деді ол.

Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Семейде, ал баланы Риддерде босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Риддердегі перинаталдық орталықта ресімдей алады.

Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі