Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Спорт күні

SAM_2337Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелері туралы» № 3827 Жарлығы бойынша тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні болып белгіленген. Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтын насихаттаудың басты кепілі екендігі баршамызға аян. Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын насихаттау үшін елімізде, ауданымызда көп көңіл бөлінуде.

Спорт күні мерекесіне орай 12 тамыз күні Жаркент қаласындағы дене шынықтыру-спорт кешенінде спорттық іс-шаралар өтті. Іс-шараны Панфилов ауданының әкімінің орынбасары Р.А. Магрупова ашып. Спорт саласының ардагерлері Ю. Ибрагимов, А.А. Азимбаев, Ж.К. Жанболатов, Г. Кабдунасыров құттықтады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін шешуші сәт – командалар әртүрлі спорт түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ  SAM_2333кір тасын көтеру, арқан тарту, футбол, әйелдер арасындағы стритбол, волейбол, 100 метрге жүгіру және т.б. Сондай-ақ, волейболдан аудан әкімдігі мен аудандық құрама командалар арасында жолдастық кездесу өткізілді. Жарыс соңында қатысушылар мен командалар  аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және дипломдармен марапатталды. 

Іс-шара барысында көрермендер көркемөнерпаздар ұжымының концертін тамашалады.

    

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.