Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаскент ауылдық округі

Жалпы мәлімет

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Головацкий ауылы, Тен Ин Гер көшесі, № 24

Электрондық поштасы: zhaskent_akimat@mail.ru

Байланыс телефондары: 8(72831) 3-62-71, факс: 8(72831)3-61-06.

Жаскент ауылдық округінің жалпы көлемі–4493,0 гектар. Ауылдық округтің құрамында 2 елді мекен бар: Головацкий және Сүптай ауылдары. Округтің әкімшілік орталығы болып Головацкий ауылы белгіленген. Головацкий ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы–5 км, Сүптай ауылы мен аудан орталығының ара қашықтығы–20 км, округ орталығының ара қашықтығы–15 км.

2020 жылдың 1 қаңтарына халық саны–3778 адам, оның ішінде Головацкий ауылында–2862, Сүптай ауылында–926 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар–96,2%, орыстар–1,3 %, ұйғырлар–2,1 %, басқа ұлттар–0,4 %. Округ бойынша 285 зейнеткер бар. Жалпы аула саны–505. 2019 жылы туылған бала саны–87.

Округте 2 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 2 орта мектеп, 2 мектепке дейінгі шағын орталығы, 1 жеке меншік балабақшасы бар, толығымен интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің №13 учаскелік полиция пункті бар. Учаскелік полиция пунктінде 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Округ аумағында 16 жеке кәсіпкерлік, 115 шаруа қожалығы бар. Округте жергілікті қоғамдық кеңесі құрылған. Жергілікті қоғамдық кеңесі  мүшелері округтің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді атсалысады.Округ тұрғындары арасынан жергілікті қоғамдастыққа 15 адам мүше болып сайланған. Қоғамдастық мүшелері жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысады.

Жаскент ауылдық округінің әкімі

Сарпек Мұхтархан Құмарбекұлы

Сарпек Мұхтархан Құмарбекұлы 1958 жылғы 3 қарашада Панфилов ауданы,Үлкеншыған ауылында дуниеге келді.

1975 жылы Панфилов ауданының Үлкеншыған орта мектебін аяқтады.

1979 жылы Алматы қаласындағы есеп-кредит техникумын, 1992 жылы Қазақ Қызыл ту ордені ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығын  бітірді.

1975-1977- жж  Панфилов ауданы, Алты үй ауылындағы «Киров» атындағы колхозында құрылысшы болып жұмыс істеді.

1979-1980 жылдары Панфилов аудандық мемлекеттік банкіде есепші қызметін атқарды.

1980-1981 жылдары Панфилов ауданының темір-бетон зауытында есепші қызметін атқарды.

1981-1982 жылдары Панфилов аудандық «Сельхозхимия» бірлестігінде аға бухгалтер қызметін атқарды.

1982 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін ПМК-31 «Панфиловколхозстрой» трестінің 3 дәрежелі бетон құюшысы  болып жұмыс істеді.

1982-1984 жж – ПМК-31 «Панфиловколхозстрой» трестінің есепшісі.

1984-1985 жж – ПМК-31 «Панфиловколхозстрой» трестінің аға есепшісі.

1985-1987 жж – Панфилов ауданының Алты үй ауылындағы «Киров» атындағы колхозының есепшісі.

1987-1994 жж – Панфилов ауданының Алты үй ауылындағы «Киров» атындағы колхозының автомобиль паркінің экономисті.

1994-1998 жж – Панфилов ауданының Алты үй ауылындағы «Киров» атындағы колхозының есеп  бөлімінің бухгалтері. 

1998-2002 жылдары Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылында «Құмарбек» ЖШС-нің төрағасы.

2002-2013 жж – Үлкеншыған ауылдық округ әкімі.

2013-2014 жылдары Панфилов аудандық ХҚКО-ның  басшысы қызметін атқарды.

2015-2016 жж Панфилов ауданының Үлкеншыған ауылындағы «Айтбек А» ЖШС-нің басшысы.

2016-2018 жж – Панфилов ауданының Сарыбел ауылдық округінің әкімі.

19.03.2020 жылдан осы уақытқа дейін Жаскент ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы қызметін атқаруда.

Жалпы еңбек өтілі 35-жыл.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлері

Т.А.Ә.А. Лауазымы Байланыс телефондары
Тохтаров Мақсат Дәулетұлы бас маман 8(72831) 3-61-06
Қалдаубаева Бибігүл Жұмахметқызы бас маман 8(72831)3-61-06
Галиева Айжан Бауыржанқызы бас маман 8(72831)3-61-06
Нурлан Дінмұхамедұлы бас маман 8(72831) 3-61-06
Тохтарова Назира Қасенқызы бас маман (бухгалтер) 8(72831)3-61-06
Тулепбергенов Нұрсұлтан Нұрбекұлы жетекші маман 8(72831) 3-61-06
Абдімомын Айбек Серікұлы жастар ісі жөніндегі әдіскер 8(72831) 3-61-06
Битебаев Азамат Қайратұлы спорт жөніндегі әдіскер 8(72831) 3-61-06
Жунусбекова Мадина Дәулеткелдіқызы оператор 8(72831) 3-61-06

Халықпен жұмыс

Құрметті азаматтар!

           Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабымен реттеледі.

       Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

        Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуге жауапты маманы – Галиева Айжан Бауыржанқызы,       тел.: 8(72831)36-61-06.

                       Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

Лауазымы Т.А.Ә.А Қабылдау уақыты Түскі үзіліс
1 Округ әкімі Сарпек Мұхтархан Құмарбекұлы Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін 13-00-ден 14-30-ға дейін

 

2019 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу:

2019 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 105 өтініш келіп түсті, оның ішінде жазбаша – 86, ауызшасы -19. Барлық өтініштер қаралып, 16 өтініш қанағаттандырылды.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді:

– жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу–84;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы– 6

-әлеуметтік мәселелер – 15

Округ әкімі  жеке мәселелер бойынша 19  адам қабылдады, соның ішінде 16 мәселе де оң шешімін тапты. Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді. 

 

Жаскент ауылдық округінде жергілікті өзін-өзі басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2020 жылдың 1 сәуіріне  қысқаша

МӘЛІМЕТ

            Ауылдық округте 2 елді мекен бар. Жалпы халық саны – 3778, қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 17. Жергілікті өзін-өзі басқару жиындарына қатысуға өкілеттік берілген қоғамдастық мүшелерінің саны – 13. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестің төрайымы – 1, мүшелерінің саны – 8, көше комитеттері – 36.

             2019 жылы өткізілген жиналыстардың саны – 3, жиындардың саны – 2. Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты 2019 жылдың басынан мемлекеттік бюджеттің ІV деңгейі енгізілді. Жаскент ауылдық округі әкімінің аппараты қоғамдастық жиналысында Жергілікті қоғамдастықты дамытудың жоспары, бекітіліп, аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

Жиналыстар мен жиындарда санитарлық тазалық, бюджетті бекіту, әкімді лауазымынан босатуды, кандидатураларын келісу, трансферттерді бекіту, ауыз су жүйесінің құрылысы, қайта жаңғырту, жер уачскесін бөлу, көше атауын өзгерту сияқты және т.б. мәселелер қаралды.

 2019 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен қаражаттың сомасы 120 000 теңге түсті. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынана 60 000 теңге, сыртқы (көрнекі) жарнамадан – 50 000 теңге, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден – 40 000 теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан – 40 000 мың теңге, аудан бюджетінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерден – 5061 мың теңге түсті.

2019  жылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін (көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалық, жарықтандыру және т.б.) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына 22 206 мың теңге жұмсалды.

2019 жылы округтің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына салықтың 6 түрінен 2 млн 337 мың теңге жинау жоспарланса, 9 млн 753 мың теңге жиналды.

Сонымен қатар басқа түсімдерден (әкімшілік айыппұлдар, жарнама, ерікті алымдар, мүлікті жалға беру)         115  мың теңге түсті.


Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округі 2019-2021 жылдарға


 Жаскент ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың 2018 жылға даму бағдарламасы


Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаскент ауылдық округі 2020-2022 жылдарға