Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы және сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру

Жарнама – кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын, адамдардың белгісіз тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және оларды өткізуге ықпал етуге арналған ақпарат.

Қазақстан Республикасының Президентінің08 қаңтар 2019 жылғы №215-VI Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы елді мекендердегі және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін ғана емес, елді мекендерден тыс және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінен тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін де алынатын болады.

Өзгерістерге сәйкес, енді жарнамаға нелер жатады және қандай объектілер жатпайды:

Объектілердегі сыртқы (көрнекі) жарнама жатады, жарнама объектілерін орналастыратын жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар:

1.маңдайша;

2.жұмыс кестесі туралы ақпарат;

3.арнайы бөлінген орындарда орналасқан мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шараларының репертуары бар афишалар;

4.техникалық қызмет көрсету құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;

5.келесі сипаттағы сыртқы визуалды қабылдау үшін сөрелер мен терезелерді сыртқы немесе ішкі безендіру:

– тауар өнімінің үлгілері;

– жеке дараландыру құралдары;

– сәндік және мерекелік безендіру;

– мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, автожанармай құю станцияларына кіру кезінде орнатылған сатушының атауы мен логотипі көрсетілген ақпараттық табло;

– теңгедегі қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын ақпараттық стенд.

Маңдайшалар үшін салық алынбайды, бірақ тек белгілі бір түрде ресімделген болса. Тауарлардың бейнелері,брендтер, акциялар, маңдайшадағы жеңілдіктер, бағалар, акциялар мен жеңілдіктер туралы хабарлар, мәзірлер, электрондық пошта немесе байланыс телефондарының номерлері мекен-жайлары болған жағдайда, бұл жарнама болып саналады. Мысалы, компания киім сатумен айналысады. Егер дүкенге кірерде маңдайшада дүкеннің атауы көрсетілсе және маңдайшада «киім сату»деп жазылса, онда бұл маңдайшаға салық салынбайды. Бірақ егер бұл маңдайшада бренд көйлектері немесе «арзан көйлектер» деп жазылса, онда бұл жарнама болып табылады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап жарнамаларды орналастырғаны үшін төлемақы көше сыртынан безендірілген витриналар мен терезелерге салынады. Мысалы, егер дүкеннің витраждық терезелерінде сурет, акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпарат орналастырылса, онда мұның бәрі жарнама үшін төленеді. Бұған дейін сыртқы безендірілген витриналар мен терезелерді кәсіпкерлер жарнама үшін ақы төлеуінің қажеті жоқ болған еді.

Жарнаманы орналастыруға рұқсат алу рәсімі, рұқсат беру тәртібінен хабарлама тәртібіне көшті. Енді жарнаманы орналастыру үшін жарнама беруші 5 күн бұрын хабарлама жіберуге міндетті. Жарнама орналастыру туралы мәліметті уәкілетті органға береді.

Салық мөлшері орналасқан жеріне және сыртқы жарнама орналастыру көлеміне байланысты болады. Жарнаманы орналастырушы жарнама үшін төлемақысын бірінші айға алдын ала төлеугеміндетті. Төлемақы ставкаларыҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 605-бабының талаптарында белгіленді.

Жарнаманы «динамикалық» билбордтарға (скроллерлерге) орналастыра отырып, пайда болатын әрбір сурет үшін салық төлеу қажет болады.

Бюджетке енгізілуге жататын төлем сомасы ай сайын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны бойынша ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған