Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді

2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

– зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге;

– Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге;

– сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге;

– мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге;

– жерлеуге байланысты – 311 млн теңге;

– мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 803 теңге болды.

Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектік, мұрагерлік және сот шешімі бойынша біржолғы төлемдер кіреді. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 446 794 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған