Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 91-бабының 6,7-тармақтарына сәйкес жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;

2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;

 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

 4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;

 5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы  ескерту жасауға әкеп соғады.

 Осы жоғарыда көрсетілген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының салықтық бақылау бөлімінің басшысы

 Е. Смаилов

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған