Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаңа формат – жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

Алматы облысында төтенше жағдай режимі жеңілдеп, әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету нысандары кезең-кезеңімен ашыла бастады. Солардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары да 14 мамырдан бастап өз жұмысын жалғастырды. Алайда, енді мемлекеттік қызметтер жаңа форматта ұсынылмақ. Саладағы жаңашылдықтар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша директоры Ермек Құралбекұлы Бекжунусовпен арнайы әңгімелесіп, көңілде жүрген сауалдарға жауап алып қайттық.

 

Ермек Құралбекұлы, алдымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматтағы жұмысы туралы айтып берсеңіз?

Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі де жаңа форматқа көшті. Жаңа формат азаматтардың кезекке тұрып, шоғырлануын болдырмайды және уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Енді азаматтар фронт-офистерде тек қағаз жүзінде көрсетілетін 100-ге жуық қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.

Сондай-ақ, қызмет алушылар ХҚО-ға бару үшін 1414 біріңғай байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондайды.  Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

Бүгінгі таңда электронды үкімет порталында барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын қазақстандықтар өз үйінен немесе жұмыс орнында отырып-ақ алуына болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса болғаны. Қазіргі уақытта ЭЦҚ-ны да egov.kz порталында алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кейбір қызметтер мен сервистерді ЭЦҚ-сыз, бір реттік құпиясөздің көмегімен алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Электронды  түрде қолжетімді қызметтерді азаматтар өздігінен egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot2.0 мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы да ала  алады.

Мұның бәрі жақсы әрине, бірақ үйінде компьютері, интернеті жоқ адамдар не істейді? Мысалы, цифрлық жаңашылдықтарды пайдалана алмайтын ауыл тұрғындары қызметтерді қалай алады?

Осы жерде айта кетейін, жоғарыда айтылған жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде қалаға қарағанда келушілер санының айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай жұмыс жасап жатыр.

Ал компьютері немесе интернетке шығу мүмкіндігі жоқ талдықорғандықтар үшін  қала бойынша 10 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Олар  әкімдіктердің ғимараттарында, оқу орындарында, медицина ұйымдарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында және т. б. нысандарда орналасқан. Алдағы уақытта мұндай бұрыштар санын арттыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ үш санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Ол үшін әр фронт-офисте жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Дегенмен, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Қалай ойлайсыз, біздің азаматтар  осындай өзгеріске, яғни жаппай цифрлануға қаншалықты дайын?

Әрине,  әлемдік сарапшылардың айтуынша пандемиядан кейін әлем бұрынғыдай болмайды, жаңа ережелердің пайда болуы заңды құбылыс. Шынында да солай. Төтенше жағдай енгізілген соң «Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметін тоқтатпай, қашықтан жұмыс істеді. Қазірдің өзінде республика бойынша 2000-ға жуық маман қоңырау арқылы азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, қызметтерді онлайн рәсімдеу бойынша ақпараттық сүйемелдеу жасауда. Алматы облысындағы 1414 call-орталықта арнайы оқудан өткен 100-ге жуық қызметкер телефон арқылы кеңес беруде. Бұдан бөлек, филиалдың 50 қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасына тіркейді, тағы 20 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.

 Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ, енді «Азаматтарға арналған үкімет» операторлары қазақстандықтарға egov.kz порталындағы бейне қоңырау арқылы тікелей кеңес бере алады. Ол үшін парақшаның оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» батырмасын басу қажет. Карантин жағдайында филиал қызметкерлері бірыңғай байланыс  арқылы қоңырау шалған аймақ тұрғындарына 62 мыңға жуық кеңес берді. Үйден жұмыс жасаған қызметкерлеріміз ұялы телефон арқылы 72 мыңнан  аса кеңес берді және 120 мыңға жуық  бейнеқоңырауға жауап берді.

Айта кетейік, соңғы екі айда 12 мынға жуық дайын құжаттар берілді және мандандырылған ХҚО арқылы  онлайн режимінде азаматтарға  300 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 150 астам қызмет көрсетілді Сондай-ақ, карантин уақытында egov.kz электронды үкімет порталы, Telegram боттағы eGovKzBot2.0, eGovMobile мобильдік қосымшалары  арқылы қызмет алуға өтініш берушілер саны артқанын байқадық.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік шаралары қалай орындалып жатыр?

Бүгінде аймақтағы ХҚО бөлімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жұмыс жасап жатыр, Атап айтқанда, орталықтардың ғимараттарында маска режимі сақталған. Ғимараттарда санитарлық тазартқыштар орналастырылып, антисептиктермен қамтамасыз етілген. Вирус жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кезекте тұрған азаматтар үшін ғимараттардың ішінде де, сыртында да 1,5-2 метр қашықтықта таңбалар қойылған.

Сөз соңында…

Бүгінде кең таралған мемлекеттік қызметтер электронды түрге өтті. Осы орайда қызмет алушыларға қажетті құжаттарын онлайн рәсімдеуге кеңес беремін. Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздарАмандықта болайық!

Сұхбатыңызға рақмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған